Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Жыр алыбы Жамбыл

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Іле аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Асқақ Алатаудан жыр асырған» атты онлайн ән мен жыр кешіне Чапаев ауылдық кітапханасы «Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында көрме ұйымдастырып, кітапхана оқырмандары Аманбай Маржан және Аманбай Берік ақынның «Абайдың суреті», «Сырлы сұлу сөздері» жыр шумақтарын оқып берді.

Кітап көрмесіне Жетісу өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ халқына аты мәшһүр жыр жампозының өмірінің тарихи хронологиялық тізбесі және ақынның шығармалары, Жамбыл атамыз ұстаз тұтқан әйгілі ақын, айтыс өнерінің майталманы Сүйінбай Аронұлы жайлы мәліметтер, ақын мұражайынан алынған фотолар қойылды.

Жамбыл — жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен мәңгі бірге жасай береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button