Алматы облысының жаңалықтарыЖетісу - адалдық алаңы

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгінгі таңда бүкіл ел болып «Жемқорлық-індет, жою-міндет» деп сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуды көздеп отырмыз. Мемлекеттік мәні зор бұл мәселені жүзеге асыруға барша халық атсалысып өз үлестерін қосып келеді.

Әйткенмен, мемлекеттік қызметті атқарып жүрген шенеуніктердің қатарында «бармақ басты, көз қысты» әдеттен қара басының қамын ойлап, ірі мөлшерде паа алып жүргендер аз кездеспейді. Біз мұндай жағымсыз жағдайға баспасөз қызметі арқылы қанықпыз. Осындай келеңсіз жағдайға қарсы сыбайластықпен күрес атүсті қана жүгізілмеу керек.
Қазыргі таңда сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін нарықтық экономиканың құрылуын , инвестициялар тарту дамуына елеулі қауыптөндіреді.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқандай қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін атап айтқан болатын.
Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025смжылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмасферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту Қазақстанда сыбайлс жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Қазақтың бір туар тұлғасы Дінмұхамед Қонаев « негізінде, айналаңа өзіңе табынушыларды емес, идея беретін ақыл-парасат иелерін жинау керек»- деген, парасатты сөзі есіме түседі.
Адамды жарылқайтын да, қоғамды көркейтетін де еңбек. Ендеше қай жерде, қандай қызмет, нендей жұмыс жасасаң да адал, ақ ниетпен шынайы ықыласпенен, шын жүрекпен бастасақ екен әр қадамдарымызды.
Біз аға буын өкілдері, жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенеміз.
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.

Мұхамеджанова Б.М- Қараой округінің Ардагерлер ұйымының төрайымы

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close