#Qazaqstan30Аудан жаңалықтарыСпорт

Тәуелсіздікке арналады

Жақында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жастар ресурсы орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастар арасында волейболдан жарыс өткізді. Бұл жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, халықты жаппай спортқа тарту, ауданда волейбол ойынын барынша дамыту, спортшылар арасындағы жолдастық қарым-қатынасты нығайту.

Волейболшылар жарысына 9 команда қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті. Мұнда командалық есеп бойынша Өтеген батыр командасы 1 орынды жеңіп алды. ІІ орынға Ащыбұлақ командасы, ІІІ орынға Жәпек батыр командасы ие болды.

Жеңімпаз атанған командалар кубокпен, медальмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта волейболшылардың шеберліктерін шыңдайтын мақсатында шаралар жалғасын табатын болады.

 

Ж. ҚАБДІКӘРІМОВ,

аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

басшысының міндетін атқарушы

Басқа жаңалықтар

Back to top button