Аудан жаңалықтарыҚоғамТұлға

Құлагер-ақын (І. Жансүгіровке арнау)

Бесік боп жердің жаннаты,

Өлең боп өмір шарбаты,

Ілияс ақын атамның,

Өлеңде қалған мәңгі аты!

Жазуы шығар тағдырдың,

Сусынын елдің қандырдың.

Бұлағына айналып,

Ағынды, асқақ ән-жырдың.

Өзіңдей жырға шебер кім?!

Есінде қалдың сен елдің.

Қарасаң көзің талатын,

Шыңы боп өлең өнердің.

Жаныңа жырдан бақ қонған,

Ақын ең сенде от болған.

Құлагер едің оқыста,

Опасыздарға  тап болған.

Кең сермеген қанатын,

Құзғындар қайран қалатын,

Биік боп қалар қашанда,

Сендей-ақ болсын бар ақын!

Өмірқұл Әлихан

Іле ауданы №36 орта мектептің

8 сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button