Аудан жаңалықтарыҚоғам

КІТАПХАНА – ҚАЗЫНА МЕКЕНІ

Биыл Іле аудандық кітапханасына қарасты Жетіген ауылдық кітапханасының 10 жылдық мерейтойы.

Осыдан он жыл бұрын 2011 жылдың қаңтар айында Жетіген ауылдық округінде ауылдық кітапхана 3000 дана кітап қорымен ашылды. Қазіргі таңда 6000 нан аса кітап қоры электронды Веб Рабис бағдарламасына енгізілген.

Кітапхана оқырман залы мен абонемент бөлімінен тұрады және интернет желісі орнатылған. Өткізілген іс – шаралар кітапхананың әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Кітапхана жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылады. Жоспарға сәйкес өтетін мерей тойларға, атаулы даталарға арнайы тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар арасында насихат жұмыстары жүргізіледі.

Кітапхана ауыл әкімдігімен, мектеп ұжымдарымен, мәдениет және т.б. мекемелермен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Осы орайда, ауыл, мектеп әкімшілігі және оқырмандары кітапханаға 10 жыл толуына орай мерекемен құттықтай отырып, бірлесіп атқарылған жұмысқа шын ниеттерімен алғыстарын білдірді.

Жетіген ауылдық кітапханасы 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған бейнероликті назарларыңызға ұсынады. https://www.facebook.com/ile.lib.kz/posts/3016508955300547

 

 

Жетіген Кітапханасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button