Алматы облысының жаңалықтарыЖетіген ауылдық округіҚоғамЦифрлы Қазақстан

«Мобильді ауыл»

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында құрылған «Мобильді ауыл» жобасы  Іле  ауданының, Жетіген ауылдық округінде  де бастау алды. Аталған жобаның мақсаты, Перзидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет  тұжырымдамасын» іске асыру болып табылады.  XXI ғасыр өзінің технологиялық өзгерістермен бірге  дүниетанымымен таң қалдыруда. Әсіресе, қазіргі уақытта әлеуметтік желі жоғары сұранысқа ие. Осы ретте, Жетіген ауылдық округі әкімі аппараты мамандарымен округтегі мекеме басшылары округ тұрғындарын вацап желісіне қосып, сол арқылы елді мекенде болып жатқан барлық жағдайды өз бақылауларына алуда. «WhatsApp» желісі арқылы тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдары бойынша өтініш қалдыра алады. Тіпті дәлелді, видео, фотода жібере алады.

«Мобильді ауыл- Жетіген» WhatsApp мобильді жүйесінде білім, денсаулық, тазалық, әлеуметтік сала, мәдениет саласы, құқық қорғау, тазалық, жарық мәселелері сонымен қатар мекеме басшыларының қызметіне  байланысты мәселелер бойынша жұмыстар атқарылады.

Аталмыш жоба іске қосылғалы округ тұрғындары қарапайым тұрғын үшін өте қолайлы жоба болғанын айтып, үйден шықпай-ақ бар ақпаратты, ескертпелер, хабарландыруды  біліп отыратынын, уақыттыда үнемдеу жағынан жақсы болғанын айтып, қуануда. Осындай тұрғындарға тиімді жобалар іске асырылуына бірге ат салысамыз деп – тұрғындар бірауыздан қолдау білдірді.

 

 

Жетіген ауылдық округі

әкімі аппаратының

бас маманы 

                       К.Зульярова

Басқа жаңалықтар

Back to top button