Аудан жаңалықтарыБілім және ғылымДенсаулықҚоғам

Бізге таза әлем керек!

“Таза болса табиғат, аман болар адамзат, табиғат, сен – тіршілік тұнып тұрған, сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан, сен – көлсің, сен – ормансың, сен – бұлбұлсың, адамға сұлулықты шын ұқтырған”, – деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай, табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі.

Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да, қадірлі жан – анасы болса, адамның табиғатты “Ана” деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады.

Табиғат — сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда. Соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Осы таңда, біздің мемлекетімізде экологиялық мәдениетті арттыруда көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі «Жасыл Ел» бағдарламасы.

Сондай ақ, мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев  Кемелұлы экологиялық және биологиялық әртүрлілікті қорғау мәселелеріне қатысты Қазақстан Халқына жолдауында , биологиялық әртүрлілікті сақтау мен ұтымды пайдаланудын ұзақ мерзімді жоспарларын бекіткен болатын. Осы жоспар бойынша әрбір мекемелер жұмыс атқарып келеді.

Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Бізге таза әлем керек!

 

Бақыт Ақерке Бақытқызы

М.Мақатаев атындағы

 №13 орта мектебінің

география пәні мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button