Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Бірлігі жарасқан ел!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қазақстан Халқы Ассамблеясының басшылығынан өз еркімен бас тартып, басшылық тізгінін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Ол туралы Елбасымыз өз сөзінде Ассамблеяның барлық мүшесіне осы уақытқа дейін өзін қолдағаны үшін алғыс айта келіп, былай деді: «Бұл мен үшін маңызды болды. Маған ҚХА-ны өмір бойы басқару құқығы берілгені белгілі. Мен әрдайым сіздермен біргемін және одан бас тартпаймын. Бұл ретте еліміздің Президентіне бірқатар өкілеттік берілген. Яғни, барлық мәселені бір адам шешуі тиіс. Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруге шешім қабылдадым».

Елбасымыз Қазақстанды мекендеген ұлт пен ұлт өкілдері ел Президентіне бағынатын болғандықтан билік тізгіні бір адамда болғаны дұрыс деген ойына қосыламын. Себебі, «қойшы көп болса, қой арам өледі» дейді дана халқымыз. Сондықтан Президент ретінде Қ.К. Тоқаевтың Ассамблеяға жетекші болғаны орынды шешім. Бұл Президентіміздің құзыреттілігін арттырып қана қоймай, ел тыныштығын сақтауға және өзге ұлт өкілдері мемлекет құраушы ұлт — қазақ халқына құрметпен қарауға билік тарапынан да ықпал етуге үлкен мүмкіндік деп түсінемін.

 

Айдар Абдрахман

Іле аудандық жастар ресурстық

орталығының басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button