Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамТұлға

80 жасап 8 сөз қалдырмаған, Әлде кімнің ғұмыры бұйырмасын

Жастыңда тізгіндедім жиырма бірін,
Өмірдің бірін білсем, білмеймін бірін.
Жиырма жас мұндай жырға аз болсада,
Өмірідің азда болса көрдім көбін.

Жиырма жыл, жиырма жаста өтті міне,
Болғандай жиырма сағат бір тәулікте.
Бұл өмір ұзақтау боп көрінгенмен,
Бірақта уақыт қысқа бес күндікте.

Апта өтті, айлар өтті, жылдар өтті,
Осылай жиырма бір жас келіп жетті.
Бұл жасқа жеткенімше өмірімде,
Кімдер қалып, ақыры кімдер кетті.

Алғыс айтам дос болған жолдастарға,
Балалық пен студенттік құрдастарға.
Жастықтың қызығын бірге көрген,
Өмірлік «ұстанымы бір» жан достарға.

Алғыс айтам арқа сүйер ағаларға,
Қолдау болған әр жерде «жағаларға».
«Ағасы бардың, жағасы бары» бекер емес,
Ісіңде жеңілдей түседі ағаң барда.

Алғыс айтам жол көрсеткен бабаларға,
Ой түйерлік ақылайтқан даналарға.
Бүгін біздер адаспай жүргеніміз,
Сол бабалар еңбегінің арқасында.

Алғыс айтам білім берген ұстаздарға,
Үйрендік қой көп жақсыны ұстаздан да.
Өмірде біздер сүрініп қалмаса деп,
Белгінін үйрететін ұстаз ғана.

Алғыс айтам алыс-жақын туыстарға.
Кім жетеді қані бір туысқанға?!
Қуаныш пен қайғыда бір болатын,
Арқа сүйер, ағайын туыс қана.

Алғыс айтам үкен-кіші бауырларға,
Хәл сұраспай кететін бауыр бар ма?!
Аман болсын жаны жақын бауырларым,
Жаның тыныш әйтеуір бауыр барда.

Алғыс айтам өмір берген Ата-анама,
Кім жетеді бұл өмірде ата-анаға?!
Бар мейрімін біздерден аямайтын,
Жақсылықтың барлығы ата-анада.

Мадақ айтам жаратушы бір Аллаға,
Адам етіп, мұсылманғып жаратқанға.
Бір бақыт қой адам болып жаралғаның,
Шексіз жатқан 80-мың ғаламшарда,

Бұл менің ой шертіп жазған хатым,
Сөкпеңдер қиял болса жазған затым.
Болған соң атым адам, затым адам,
Жазғаным ғой өлең етіп алғыс хатын.

Бекбай Нұрболат Адиұлы
Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы.
4 курс студенті

Басқа жаңалықтар

Back to top button