Аудан жаңалықтарыҚоғамМәдениетТұлға

Еңбекпен өрілген жылдар

Іле аудандық кітапханасының «Парасат жолы» орталығында кітапхана саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен ардагер кітапханашы Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері» , Іле ауданының «Құрметті азаматы» Мейрамкүл Түйебайқызы Жабиеваның 65 жасқа толуына орай өмірі мен еңбек жолына арналған «Еңбекпен өрілген жылдар» атты кітапханашы бенефисі өтті.
Іс-шара барысында мамандығын өміріне серік етіп рухани байлыққа кенеліп, өзгеге қуаныш сыйлай білген Мейрамкүл Түйебайқызының еңбек жолынан «Еңбекпен өрілген жылдар» атты фотокөрме ұйымдастырылып, аудан кітапханашыларының қатысуымен «Мамандыққа адалдық» атты көрініс көрсетіліп, жергілікті ақындардың Мейрамкүл Түйебайқызына арнаған жырларынан әдеби монтаж орындалды.

Іс-шараға Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен ішкі саясат бөлімі мамандары , аудандық Ардагерлер кеңесі мен аудандық Аналар кеңесі мүшелері және көпшілік оқырмандар қатысты.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button