Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Іле ауданының депутаттары, мәслихат аппаратымен кездесу

Іле – өңірдегі ең үлкен және кәсіпорындар шоғырланған ірі аудан болып табылады. Осы орайда, облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев аудандық мәслихатының аппараты мен депутаттарымен кездесті.

Басқосудың мақсаты аудан депутаттарымен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап, тиісті бағыт-бағдар беру, жаңадан қабылданған заңдарды түсіндіру, өзекті мәселелерді анықтау.

Кездесу барысында Жанболат Әкебайұлы  облысымыздың соңғы 5 айдағы жетістіктерімен алдағы міндеттері жайында ақпарат беріп, іске асырылатын жобалар жайын атап өтті.

Жанболат Жөргенбаев өз сөзінде «ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және депутаттардың бұл бағыттағы жұмыстары, өңірдің даму бағдарламасының іске асуын бақылау, сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясындағы нысандардың сапалы жүргізілуге депутаттық бақылау, мәслихат аппаратының жұмысының жүйелі жүруі қажет», деп атап өтіп, қатысушылармен пікір алмасты. Сонымен қатар, аудан депутаттарымен жеке-жеке танысып, қойылған сауалдарына жауап берді.

Іле аудандық мәслихаты

Басқа жаңалықтар

Back to top button