Алматы облысының жаңалықтарыДенсаулықҚоғам

МӘМС бойынша медициналық оңалтудан қалай өтуге болады?


Медициналық оңалту аурулар мен жарақаттардан кейін қалпына келтірудің маңызды кезеңі болып табылады.

2021 жылдың басынан бастап күндізгі және тәуліктік стационарларда 437 мыңнан астам пациент оңалту емінен өтті. Амбулаториялық деңгейде 1,5 млн-ға жуық оңалту қызметі көрсетілді. МӘМС жүйесінің арқасында биыл оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге – 55,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал осы жылдың 4 айға Қор 14 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерін төледі.

Медициналық оңалтуды алуға болады: негізгі немесе созылмалы ауруларды емдеуде
жіті жай-күйден, операциялардан және жарақаттардан кейін
тіршілік әрекетін шектейтін жағдайлар кезінде

Қайда баруға болады?

Тіркелген жері бойынша емханаға учаскелік дәрігерге

Медициналық оңалтудың қандай кезеңдері бар?

1. Операциядан кейін, жарақаттан кейін және аурудың өткір кезеңінде науқастарға арналған стационарлар негізінде.
2. Науқастар үшін мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларда ауру басталғаннан бастап 9 ай ішінде.
3. Емханалар, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлар, Оңалту орталықтары, санаторий-курорттық ұйымдар, үйдегі стационарлар негізінде, сондай-ақ қашықтықтан. Курстың жиілігі мен ұзақтығы жеке анықталады.

Кімдер және қалай коронавирустан кейін қалпына келе алады?

Коронавирустық инфекциямен және ауырлығы ауыр және орташа дәрежедегі пневмониямен ауырып жазылған барлық қазақстандықтар, олардың үйде немесе ауруханада емделгеніне қарамастан, постковтық оңалтуға сене алады.
КВИ немесе әртүрлі ауырлықтағы пневмониямен ауыратын науқастар тәулік бойы стационар, санаторий-курорттық жағдайлар, күндізгі стационар негізінде және амбулаториялық-емханалық деңгейде 2 және 3 кезең оңалтуға жатады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
​КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close