Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДенсаулықҚоғам

Алматы облысында 582 нысан «Ashyq» жобасына қосылған

Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 40 жағдайы расталды. Олардың 8-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында, оқушыларда 4 және студенттердің ішінен 1 жағдай тіркелді. Ал жалпы өткен 14 күнде індетке шалдығушылар саны 946-ға жетті. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды.
Жетісу өлкесінде эпидемиологиялық жағдай жақсарып, жасыл аймақта орналасқанымен, облысқа қарасты кейбір өңірлер әлі де қызыл аймақта тұр. «Балқаш ауданы мен Талдықорған қаласы қызыл аймақта, Кербұлақ, Ескелді, Қаратал және Сарқан аудандары сары аймақта қалған аудандар мен қалалар жасыл аймақта орналасқан»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.
Бүгінгі таңда, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды оңалту мақсатында, тұрғындардың кеселге шалдығуының алдын алу үшін екпе жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Қазіргі кезде облыста 241 683 адам екпенің бірінші бөлігін қабылдаса, 143 741 тұрғын екінші компанентті салдырып үлгерген.
Асхат Сәкенұлының айтуынша, облысқа барлығы 278 720 доза вакцина келіп түскен. Оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 235 220 Гам-Ковид-вак және 4000 Qaz-вак. 2 компоненттен 192 270 доза вакцина келген, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 148 770 және Qaz-вак 4000 дозаны құрап отыр.
Естеріңізге саламыз, 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап «Ashyq» пилоттық жобасы Талдықорған қаласында енгізіліп, 26 сәуірден облыс бойынша жұмыс істей бастады. Бүгінгі күні 582 нысан артықшылықпен қызметін жалғастыруда.
Дәл осы «Ashyq» пилоттық жобасының арқасында Талдықорған қаласында 57 сары және 36 қызыл, Панфилов ауданында 1 қызыл, 3 сары, Ескелді ауданында 1 қызыл, 2 сары, Қарасай ауданында 1 қызыл, 1 сары және Еңбекшіқазақ ауданында 1 сары статусты бар вирус тасымалдаушысы анықтады.
Айта кетейік, карантиндік талаптардың сақталуын бақылау үшін арнайы мониторингтік топ құрылған. Жыл басынан аталған топтармен 17 818 рейд жүргізіліп,102 273 нысан қамтылып, 1025 карантиндік режимді бұзу анықталды.

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close