Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Біздің міндет — халыққа қызмет

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы халыққа жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» — делінген. Тұжырымдама халық арасында қызығушылық тудырды.

Боралдай кенті әкім аппаратында тұжырымдаманы орындау мақсатында, азаматтарды кедергісіз, сапалы қабылдауға барлық жағдайлар жасалған. Жеке қабылдауға келе алмайтын тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы кез келген сұрақтарын қойп, жауабын ала алады. Қойылған сұрақтарды жедел шешу құзыреті шегінде әр маманға жүктелген.

Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру  мақсатында онлайн оқулар ұйымдастырылған. Нәтижесінде сабақ алғаны жөнінде сертификаттар берілуде.

Қазіргі уақытта Боралдай кенті әкім аппараты ғимараты заман талабына сай жөндеуден өткен.

Кент әкім аппараты ғимараты алдында қызмет алушылардың көлік тұрағы жасалған. Ғимараттың кіре берісінде баспалдақтың сыртқы жабындысының тайғақ болмауы ескерілген, нашар көретіндер үшін брайль шрифт және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоңырау, талапқа сай пандус орналастырылған. Келушілер күту залында өз кезегін күте алады. Сонымен қатар, әкім аппараты ғимаратында техникамен жабдықталған өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы жасалған. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген қағидалары ілінген ақпараттық стенд қойылған. Қызмет алушы мен берушінің арасында терезе, тосқауылдар жоқ. Қызмет алушыларға арналған шағымдарды тіркеу журналы мен арнайы жәшік орналастырылған.

Президенттің Жолдауын, әр тапсырмасын халықтың сезінуі үшін әр мемлекеттік қызметкер аянып қалмайды деп ойлаймын.

Мүмкіндікті пайдаланып, Іле ауданының барлық мемлекеттік қызметшілерін 23 — маусым «Мемлекеттік қызметші күнімен» құттықтағым келеді. Құрметті әріптестер, ел үшін атқарып жүрген қызметтеріңіз берекелі де, баянды болсын !

 

Боралдай кенті әкімінің орынбасары А.Таңатар

Басқа жаңалықтар

Back to top button