Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Панфилов ауданындағы селден зардап шекендер жоқ

Өткен тәулікте Көктал—Сарыөзек тас жолының бойындағы Ақжазық ауылының аумағында кешкі  17:00-18:00 уақыт аралығында жауған жаңбырдан тас жолының бойымен сел жүрді. Әлем желіде лезде тараған ақпарға Алматы облысы ТЖД өкілдері «Jetisy Media»  ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 9 маусымында жауын-шашын салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін «Жетісу Алатау» жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде, құрғақ сай бойынша көлбеу ағын салдарынан секундына 70.0 текше метр шығынмен тасқын пайда болды. Нәтижесінде, Сарыөзек — Көктал жолының 171 шақырымында, Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, автожол көпірінде ені 700-800 метр болатын жолдың үсітне шығып кетті»,- дейді «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқарма филиалы жетекшісінің орынбасары  Айдос Сабырбаев.

Жолдың бойындағы арнайы арнамен аққан жаңбыр суы жолдың үстіне шығып кеткен.

Мамандар,  сел өтетін арнадағы көпірге ағаштар ағып, көпірдің астын бітеп тастаған. Жол үстімен аққан су жолды бұзған жоқ. Қазіргі уақытта жол мамандары жолдың сапасын тексеріп, акт жүргізіп жатыр деуде.

Айта кетейік, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close