Аудан жаңалықтарыДенсаулықҚоғам

ЕКПЕ САЛДЫРЫҢЫЗ! ЕЛІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ!

Ауданда коронавирус инфекция ауруының эпидемиологиялық жағдайы әлі де болса алаңдаушылық туғызып отыр. Пандемия басталғаннан бері биылғы жылдың 03 маусымына Іле ауданы бойынша зертханалық расталған 2097 індет жұқтырғандар тіркелді, оның ішінде 1227 симптомдары бар ауру жағдайы, 870 вирусты тасымалдаушы жағдайы. Осы жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейін 1568 короновирус жағдайы тіркелді, бұл аталмыш дертпен ауырғандардың 74,8% құрап отыр.

Биылғы жылдың 03 наурызынан аудан тұрғындарды короновирусқа қар-сы екпесімен егу науқаны басталды. Екпе жұмыстары, тұрғындар арасында ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. 18 жастан жо-ғары барлық тұрғындарға вакцинация жүргізіліп жатыр. Санитариялық-эпи-демиологиялық талаптарына сай 16 -медициналық ұйымдарында вакцинация жүргізу орталықтары ұйымдастырылды. Қазіргі таңда, вакцинация жүргізу үшін ауданда COVID-19 қарсы үш түрлі «Спутник V» (Россия), QazVac (Қазақстан), Hayat-Vax (қытай компаниясының Sinopharm, вакцина Біріккен Араб Әмірлігінде өндірілген) вакцинаға қол жетімді. Жалпы 2021 жылы 08 маусымға вакцинаның 1-ші компонентімен-22135, екінші компонентімен-155536, оның ішінде «Спутник V»-18887, Hayat-Vax-2900, QazVac-348 адам егілді. Аудан бойынша екпе алғандардың арасынан ауыр зардап шеккендер тіркелмеді.

Ауданда жүргізіліп жатқан сауал-намаларға сәйкес пікір білдір-гендер де бар. Ол QazVac өнімін қабылдаған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бас-қармасының басшысының м.а. Бағила Абеуова: «Қазақстанда өнді-рілген вакцинамен егілдім, менде вакцинациядан кейін ешқандай салдар байқалмады. Мен неге Қазақстанда өндірілген вакцинамен егілдім? Бұл менің азаматтық ұстанымым, мен Отандық ғалымдарға сенемін және олардың біздің вакцинаны тез арада жасап шығарғаны үшін және оның Қазақстан Республикасының, оның ішінде біздің аудан тұрғындарына қолжетімді болғаны үшін алғыс айтамын. Біздің денсаулық сақтау министрі А. Цой атап өткендей: «Қазақстан вакцина өндірісінің толық циклын-дамудан бастап қолдануға дейінгі кезеңді өз бетінше игерген бес елдің қатарына кіреді және бұл үлкен жетістік» — деді.

Вакцинация алу үшін кез келген аудан тұрғыны тіркелген жері бойынша жергілікті дәрігерге, мейірбикеге ха-барласу керек, немесе «eGov.kz» пор-талына не «eGov mobile» қосымшасына тапсырыс беру арқылы алдын-ала тіркелу қажет.

Тағы бір ескертетін жағдай бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 21 қазандағы №ҚР ДСМ 146/2020 бұйрығы бойынша короновирусқа вакцинациясына жатпайтын адамдар тобы бар. Олар: жедел және симптомсыз КВИ формасы бар болса, инфекциялар жұқпасымен ауырған адамдармен қатынаста болған, карантин режимі аяқталған соң вакцинация алатын адамдар, КВИ-дің кез келген түрімен ауырған адамдар, тәуір болғаннан кейін алдыңғы жағдайды бағалауды ескере отырып, 6 айдан соң, иммуносупрессивті терапия алатын және иммунитет тапшылығы бар науқастар ғана вак-цинаны алмайды. Сонымен қатар, вакцинация жүргізер алдында міндетті түрде вакцина алатын адамдарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әдістемелік ұсыныстар бойынша дайындалған сауалнама жүргізіледі. Әйел адамдарға вакцина салмастан бұрын жүктілігі туралы анықтап алу қажет егер күмән туындаса, жүктілік тестерін қолдануды немесе вакцина алуды кейінге қалтыруды ұсынылады.

Әрбір вакцина алатын адам ерікті түрде негізделген келісім немесе бас тарту жазба түрінде ҚР ДСМ 2018 жылғы 13 маусымындағы №361 «Халықтың профилактикалық егулеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары-ның 1 қосымшасының формасына сәй-кес міндетті түрде салынады.

Вакцинация жүргізілетіннің алдында дене қызуын өлшеп, эпидемиологиялық анамнез жинап, сатурациясын, қан қысымын, жүрек соғу жылдамдығын өлшеп, тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйелеріне аускульптация жүргізіп және жұтқыншақты тексере отырып дәрігер қарауынан өтеді. Егерде дене қызуы 37°С жоғары болса вакцинацияны кейнге қалтырады. Дәрігер пациенті вакцинациядан кейінгі ықтимал асқынулар туралы ескертеді және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлегенге сәйкес ақпараттық жадынамасын ұсынады. Тексеру кезінде, вакцина алған адамға вакцинациядан кейінгі жағымсыз көріністер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрі-герінің қаулысымен вакцинацияның толық курсын алған құжаттылық дә-лелдемелері бар (вакцинаның екі дозасы) адамдарға келесі жеңілдіктер қарастырылған:

-мемлекетке келген кезде коро-навирустың ПЦР сынағын өткізбейді;

— жұқпа жұқтырған адамдармен байланыста болса да, 14 күнге крантинге жатқызылмайды, тек қана дәрігер байқауында болады;

-ауруханаға жатқызу кезінде коро-навирус ПЦР тестын тапсырмайды;

-қашықтықтағы жұмыс форматына көшірілмейді;

— Балалар үйіне, Қарттар үйіне және «Ашық» жобасы бойынша жұмыс істейтін медициналық мекемелерге емін еркін бара алады;

Вакцина-заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен алдын алуға болатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі азайды! Коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация – бұл пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Вакцинация алыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button