#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Бірегей көрініс»: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Талдықорғанда сурет көрмесі өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Талдықорғанның облыс орталығы болғанына орай облыс Жетісудың бас шаһарындағы  сурет көрмесі  өтті.

Жеңіс Ысқабай, Шүкір Шахай мен өзгеде фотографтардың 300ге жуық туындылары ел назарына ұсынылды.

Аталмыш шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде, өңір басшысы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен облыс орталығының жиырма жылдығы тұспа-тұс келгенін тілге тиек етті

«Нұрсұлтан Назарбаев басқарған тәуелсіздік жылдарында еліміз толағай табыстарға жетті, сонымен қатар Алматы облысыда қарқынды түрде дамып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына өз үлесін қосты. Бүгінгі көрмеде біздің еліміз бен облыс орталығының қалай көркейгенін көруге болады.

20 жыл ішіндегі жетістіктер бұл бастамасы ғана екеніне сенемін. Талдықорғанды әлі үлкен жетістіктер күтіп тұр. Ол үшін бізде мүмкіндіктер көп»,-деп айтты облыс әкімі.

Талдықорғандықтар мен қала қонақтары көрмеде Қазақстанның айқын жетістіктерімен таныса алды.

— Айта кетейік, Шүкір Шахай соңғы жылдары, 2002 жылдан бастап ҚР премьер-министрінің жеке фотографы ретінде қызмет атқарады. Өзінің еңбек жолын 1990 жылдан  қазіргі Егемен Қазақстан газетінен бастаған .

Бүгінші көрмеге ол өзінің ең таңдаулы 100 суретін алып келген. Басым бөлігі Жетісу өлкесінен шыққан азаматтардың фотосуреттері.

Шараның ұйымдастырушысы Жеңіс Ысқабайдың айтуынша, көрме өткізудегі мақсат жастарға тұтас ел мен туған қаламыздың тарихымен таныстырып, оларды патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

— «Жүз рет естігенше, бір рет көр» деген. Сол үшін біз аталған шараны ұйымдастырдық. Біз облысымыз бен ел аумағында атқарылған істерді көрсеткіміз келді.  Өткен мен бүгінді салыстыру үшін. Архивте қалған суреттер арқылы Талдықорған мен Қазақстанның кезінде қандай болғанын көрсете алдық»,- дейді Жеңіс Ысқабай.

Естеріңізге саламыз, шараның ұйымдастырушылары облыстық мәдениет басқармасы.

Айта кетейік, көрме барысында Қазақстан журналистер одағы мен «Азия-Қазақстан» сурет клубының мүшесі Жеңіс Ысқабайдың фотоальбомы көпшілікке таныстырылды.

Сондай-ақ, көрмеге қатысушы фотографтарға Алматы облысы әкімінің алғыс хаты табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button