Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Алматы облысында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына дайындық жүріп жатыр

Алматы облысындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мұражай салтанатты шара өткізетін орталық болады

Райымбек ауданы, Қарсаз ауылында орналасқан қара өлеңнің қара нары Мұқағали Мақатаев атындағы мұражай ағымдағы жөндеуден өтті.
Атқарылған жұмыс барысымен Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев танысып шықты.

Ақынның мұражайы 1991 жылы ашылған. Ғимарат жөндеуден өткеннен кейін ішкі залдары жаңарды. Жер төсеніштер мен жарық беруші шамдар тегістей жаңасына ауыстырылды.

Іргелес аумақта жасыл желектерді суарудың жерасты заманауи жүйесі салынған. Мұражайдың айналасындағы қоршаулар боялған, жақын маңдағы саябақта демалуға арналған орындықтар жаңартылған. Шатырды жөндеу мәселесі шешілуде.
Бүгінгі таңда мұражайда Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына тікелей қатысы бар сегіз жүзге жуық заттар мен құжаттар бар. Олардың қатарында оның жеке қолжазбалары, киімдері, кеңсе заттары, жұмыс жиһазы, тұрмыстық керек-жарақтар, күнделіктер және т. б. бар.
Қыркүйек айында мұнда көптеген салтанатты іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Мұражай директоры Ерлік Ахметовтің айтуынша, бұл әдеби-мемориалдық мұражай биылғы күзде мерейтойлық салтанаттардың орталығына айналады.


— «Біздің музей аудан орталығы – Нарынқол ауылынан алпыс шақырым жерде орналасқан және Ұлы Мұқағалидің алтын мұрасының бірегей қоймасы болып табылады. Осы жылдар ішінде ондағы экспонаттар саны үнемі өсіп келеді. Бүгінгі өскелең ұрпақтың, мектеп оқушыларының туған жерге деген сүйіспеншілігін жырлаған ақынның өмір тарихын білуге ұмтылатыны қуантады»,- деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button