Аудан жаңалықтарыДенсаулықМерекелер

ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫЛАРЫ АЛДЫҢҒЫ САПТА

 Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері күні – біз үшін айрықша мереке. Бұл күні көптеген адамдардың денсаулығына қомқорлық танытып, ауыр дертке шалдыққандарды құтқару үшін аянбай еңбек ететін ақ желеңді абзал жандардың еңбектері еленіп, жыл бойғы жұмыстарының қорытындысы сараланып, зерделенеді. Іле аудандық орталық және Боралдай аудандық ауруханасына 14 дәрігерлік амбулатория, 10 медициналық пункт, облыстық аймақтық ауруханасы қарайды. Ауданның денсаулық сақтау саласында білікті де тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Аудан бойынша 492 дәрігер бар. Халық санына шаққанда бізде 10 мың адамға 21,91 дәрігерден келеді.

«ҚР  денсаулық сақтау саласының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында ауданда бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Болжамдағы өмірдің ұзақтығы 72,95 жасқа жетті. Өткен жылдың осы уақытында бұл көрсеткіш 72,92 жас болатын. Тұрғындарды сапалы медициналық көмекпен қанағаттандыру деңгейі 2020 жылы 50,05 пайыз болса биыл 50,9 пайызға жетті. Денсаулық сақтау ұйымына келушілер саны анағұрлым артты. 1 тұрғынға алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету 1,4 пайызды құрады. Ауыл тұрғындарын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету деңгейі де едәуір көтерілді. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №194\2020 «Денсаулық сақтау саласының алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарына жеке тұлғаларды тіркеу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бекітілген тұрғындардың санын сақтай отырып, учаскелерді ірілендіру жұмыстары жүргізілді. Денсаулық сақтау ұйымдарын техникалық құралдармен жабдықтау деңгейі 88,07 пайызды құрады.

Біздің ауруханада, әсіресе, жарақат бөлімі және хирургия бөлімдерінің жұмысы өте қиын. Олар тіптен күн сайын адамдар өмірін сақтау үшін жанталаса еңбек етеді. Өйткені, Өтеген батыр Алматы — Өскемен тас жолына жақын орналасқандықтан, тіптен, күн сайын апатқа түскен адамдарға дәрігерлік көмек көрсетіледі. Біреулеріне шұғыл ота жасалу керек болса, енді біреулерінің аяқ-қолы сынады. Жолаушыларға шұғыл медициналық көмек қажет болып қалуы мүмкін болғандықтан біздің дәрігерлер жұмыстарына сақадай сай тұрады. Осы мақсатта ауруханада заманауи технологиямен жабдықталған ота залы, қан топтарының қоры және қажетті дәрі-дәрмек қоры бар. Жедел жәрдем қызметі науқасты жеткізген соң, бірден тиісті бөлімге хабар береді. Бұл үшін жергілікті мамандар енгізген дабыл белгілері қолданылады. Яғни, егер науқасқа ота жасалу керек болса хирургия бөлімінде, ес-түсін жоғалтып алған жағдайда жансақтау бөлімінде, жедел босандыру қажет болған жағдайда перзентхана да арнайы шамдар жанып, дабыл белгілері іске қосылады. Сонымен қатар, жедел жәрдем бөлімінің өзінде шағын ота залы мен босандыру бөлмесі жабдықталған. Бұл науқасты тасымалдауға уақыт жұмсамай, шұғыл ем-дом жасауға мүмкіндік береді.

Аурухананың ақпараттандыру жұмысы да жүйелі жолға қойылған. Әлеуметтік желідегі парақшаларында, ресми сайттарында емделушілерге қажетті ақпараттар ұдайы жаңартылып отырады. Сонымен қатар, жұмыстың барлығы дерлік электронды жүйе арқылы жүргізіледі. Тіпті, шалғайдағы ауылдарда орналасқан медициналық мекемелерге де интернет желілері тартылыпты. Осының нәтижесінде, науқас туралы мәліметті дер кезінде табуға және уақытылы көмек көрсетуге жол ашылды. Тұрғындар дәрігердің қабылдауына интернет арқылы жазыла алады. Бұл ұзын-сонар кезекті азайтып, дәрігер мен науқастың уақытын тиімді жұмсауына мүмкіндік беріп отыр.

Ауруханаларды заманауи медициналық құралдармен жабдықтауды жақсарту мақсатында Маммограф, магнитнорезонантық томограф, Ligasure Maryland 5vv 37 cм, лапороскопиялық аппарат, скринингтік тексеруді жүргізу үшін эксперттік санаттағы ультра-дыбыстық аппаратын, жылжымалы флюорографиялық қондырғыны, цифрлы колоноскоп, КТГ аппараты (кардиото-нография), 2 кювеза, төсек жанына қойылатын BSM-2351K маркалы 10 мотниторды, Nihon Kohden с подставкой, жуатын аппараты фиброгастроскопты, ЛОР-комбаин, балаларға арналған 2 функционалды төсек, ересектерге арналған 10 функционалды төсек, 12 каналды 30 ЭКГ аппаратын, 2 наркоздық-демалу аппаратын, 4 сто-матологиялық қондырғыны, 2 устройства регистрации отоакустикалық эмиссиияны тіркаейтін 2 қондырғыны, медицинский с эргометрикалық тестілеуді жүргізудің медициналық мүмкіндігі бар термдилды, ұсақ моториканы қалпына келтіретін кешенді, аяқ-қол үшін активтік-пассивтік тренажер, қол буындарының белсенділігін арттыруға арналған тренажерларды, арқа және аяқ буындарының белсенділігін арттыруға арналған тренажерларды, телеметрикалық датчигі бар велотре-нажерлерды, механотерапевтикалық иыққа, шынтаққа, балтыр мен табанға арналған ППД аппаратын сатып алу жоспарлануда.

Әр адам өзіің өмір жолында бір рет болса да ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың көмегіне жүгінеді. Қай кезде болмасын денсаулық сақтау саласының қызметкерлері науқастардың көңілінен шығуға, оларға дер кезінде алғашқы көмек жасауға, тіптен өмір мен өлім арасында жатқан адамдарды ажалдың тырнағынан алып қалуға бар мүмкіндіктерін жұмылдырады. Олар күн сайын жұмыстарында кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, мамандықтарына адалдық таныта біледі. Әсіресе, қазіргі пандемия уақытында дәрігерлеріміз күн сайын сан қиындықтарға кездессе де өз міндеттерін үлкен жуапкершілікпен атқаруда. Сырқаттарға медициналық қызмет көрсетуде білімдері мен іс-тәжірибесін пайдалана отырып, аянбай еңбек ететін күндізгі стационар дәрігері Қалманова Индира Әмірәлиқызы, жұқпалы аурулар бөлім-шесінің терапевт дәрігерлері Байботанова Меруерт Талғатқызы, Әубәкірова Жадыра Дүйсенқызы, Көнербаев Қайрат Рабайұлы, Сайлауова Бота Әсетқызы, Мұратбек Нұртас Оралұлы, осы бөлімнің аға мейірбикесі Ғаниева Қамар Жиенбайқызы, емшара кабинетінің мейірбикесі Чубанова Дариға Төлендіқызы, аурухана дәріха-насының провизоры Мұқанова Гүлбаршын Имашқызы сынды ақ желеңді абзал жандардың есімдерін мақтанышпен атап өткен жөн сияқты. Олардың тұрғындардың алғысына бөленіп, айрықша құрметіне ие болғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ауруханадағы жансақтау, жарақат, хирургия, балалар бөлімшелерінің қызметкерлеріне де ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл бөлімшелерді жоғары санатты дәрігерлер Әжібаев Нұрлан Нұртайұлы, Сағижанов Серік Мағаияұлы, Қарағаев Нұрлыбек Тұрақбайұлы, Жұмаев Зоир Тахирұлы басқарады. Біздің ауданның денсаулық сақшылары әрдайым осылайша алдыңғы саптан көрінуде. Газет бетін пайдалана отырып, өзімнің ұжымымды, барша әріптестерімді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Өзінен бұрын басқалардың денсаулығына алайдайтын ақ желеңді абзал жандардың отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін!

 

 Ысқақ БАУЫРЖАН,

аудандық орталық аурухананың бас дәрігері,

аудандық мәслихат депутаты

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close