Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыМерекелер

ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Журналистер күні қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Ибраев Серікжан Берікұлы және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Іле таңы» газетінің бірқатар тілшілерін марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттауға қатысқан аудан әкімінің орынбасары С.Берікұлы газетіміздің тілшілері ауданның өзекті мәселелерін қозғап, жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін ерекше кәсіп иесі екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол өз сөзінде: «Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін, халық пен билік арасындағы алтын көпір.  Тәулік сағатымен санаспайтын еңбегіңіз еленіп, қаламыңыз ұштала берсін, әрбір сөзіңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін» — дей келе мерейлі мерекемен құттықтап, арнайы алғыс хат табыс етті.

Өз кезегінде газетіміздің тілшісі Бағдат Тоқанұлы алдағы уақытта да ауданымыздың жақсылығы мен қуанышын, жетістігін халыққа жариялап, елдің тілегі мен мұңын билікке жеткізетін араағайын болып, ауданымыздың жақсылығын асырып, жауырын жаба тоқып, өз қызметтерін адалдықпен атқаратындарын сеніммен айтты.

 

Өз тілшіміз

 

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close