Аудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

«Оқуға құштар мектеп» — білімгге жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы еліміздің  мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. «Оқу мәдениеті — өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.

Жаңа стандарттарда бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Оңтайлы оқуға үйретудің біршама тиімді резервтерін атап айтуға болады.

  1. Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды.

Оқушыларды кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға отырғызып қоюға болмайды. Біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады. Екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың тиімділігі бір сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары.

  1. Ызыңдап оқу. Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір мезгілде дауыстап сыныптастарына кедергі келтірмес үшін күбірлеп, әрқайсысы өз жылдамдығымен біреуі жылдам, біреуі баяу барлық оқушылардың оқуы. Әрбір баламен 2 минуттай жұмыс жасай алады.
  2. Әр сабақ сайын бес минуттық оқу.

Әр сабақтағы бес минуттық оқуды қарастырып көрейік. Мысалы, әр сабақта бес минут, әр күні орташа есеппен 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық жаттығу 100 минут көлемінде болады. Дәстүрлі әдістермен 2-3 минутты салыңыз. Жаттығу уақытынын 50 есеге артқаны көрініп тұр. Мұның бәрі де әдістемелік айласыз жүзеге асады.

  1. Ұйықтар алдындағы оқу. Бұл жақсы нәтиже береді. Өйткені соңғы оқиғалар эмоционалды есте сақталып қалады, яғни адам ұйықтағанда, 8 сағат бойы сол әсерде болады.
  2. Аялауыш тәртіптегі оқу (егер бала оқуды ұнатпаса).

Жеткіншек бір-екі жолды оқиды және содан кейін қысқа мерзімге демалады. Балалары оқып-үйренуді қаламайтын ата-аналарға осы тренингті ұсыныс жасауға болады.

Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» акциясы аясында көптеген шара қолға алынды. Соның бірі – әрбір мұғалім өзі оқыған бір кітапты ұжымға насихаттап, мектепке кітап тарту етіп, «Бір мұғалім – бір кітап» челленджі қолға алынды. Бұл челленджде мұғалімдер жекелеп кітап алуға да, болмаса бірлестік болып өздері келісе отырып оқушының болашағына қажет, ертеңгі күні білім беру үрдісінде, мектепішілік шараларда қажет болуы мүмкін деген кітаптарды мектеп кітап-ханасына алып берулеріне де болады. Одан бөлек әр бірлестік ұжымы бір шығарманы өздері де оқып, оқушыларды да кітап оқуға шақырып, өзара талқыға салып, жалпы ұжымның назарына ұсыну мәселесі де ұйымдастылуда. Әрине, білімнің бастауы – бастауыш мектепте десек, мектептегі акцияны да бастауыш сынып бірлестігі бастап кетті. Расымен, оқуға құштар оқушының негізі бастауыш сыныпта қаланады екен. Жоғары сыныпқа келіп құлшынысы оянатын бірен-саран білім алушы болмаса, көп жағдайда оқушылар бастауыш сыныптан бастап өзінің алғырлығымен, білімділігімен көзге түседі. Мұны қазақ халқы «Болар бала бесігінде бұлқынар» деп тегін айтпаса керек-ті. «Оқуға құштар мектеп» акциясы мұнымен шектеліп қалмайды. Әрбір бірлестік мұғалімдері өз сабақтарында оқушыларды кітап оқуға қызықтырып, өздерінің атқарған іс-шараларын әріптестермен бөлісетін болады.

Айгүл ОСПАНОВА,

 №7 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button