Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ЕҢБЕКТЕРІҢ ЕСЕЛЕНСІН,ЖАСТАР

Сонау  2004 жылдан бастап  Елбасының тапсырмасымен еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы ұйымдастырылып, жұмыспен қамтылмаған жастарға уақытша ресми жұмысқа орналасуына дәстүрлі түрде мүмкіндік беріліп келеді.

Биыл пандемияға қарамастан аудан көлемінде 30-ға жуық жастар жұмысқа тартылып, ауданымыздың жасыл желекке көмкерілуі үшін барын салуда.  Олар аудандағы саябақтардағы, аулалардағы жасыл желектерді баптап, ағаштар мен гүлдерді суарады. Көгалдар мен көше бойындағы алаңдарды арам шөптерден тазартады. Жасақшылар осы маусымдағы  еңбектері үшін 50 мың теңге көлемінде жалақы алады. Жұмыс күндері дүйсенбі мен жұма аралығында болады. Айта кеткен жөн, жас жұмысшыларға еңбек шарты мен жұмыс тәртібі түсіндіріліп, еңбек формасы тапсырылды. Енді олар бекітілген бағыт бойынша бөлініп, өз жұмыстарына кірісуде.

Ажар Абдрахманова «Жасыл ел» жастар жасағының мүшесі:

— Аудан көлемінде жастарымыз «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қосымша табыс көзі ретінде жұмысқа тартылып жатыр. Қазіргі демалыс уақытында көбінше колледж студенттері қамтылуда. Қазіргі таңда жұмысымыз жақсы. Бос уақытымызды тиімді пайдалану біз үшін өте пайдалы деп ойлаймын – деді.

Биыл «Жасыл ел» топ мүшелері Жетіген және Өтеген батыр ауылдық округтеріне ғана бөлінді.  Оларға  негізгі тапсырманы Алматы облысы жастар ресурстық орталығы мен  жергілікті әкімшіліктегі салаға жауапты мамандар береді.

Жастардың атқарып жатқан ісіне дән риза болған Энергетический ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Темірлан Рақыш:

— Қазір біздің  «Жасыл ел» мүшелерінің атқаратын істері  аулалар тазалығы, біз-дің округіміз үшін қосымша күш болды. Олардың жасаған жұмыстарының нәти-жесінде ауыл аймағымыз тазарып қалды. Жастарға айтар алғысымыз шексіз – деп ыстық ықыласын жеткізді.

Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек отряды пандемия тұсында, барлық округтерде бетперделер таратуға, әлеуметтік жағдайы нашар және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тасымалдауға көмектесіп,  өздерін жақсы жағынан көрсетті. Жас келсе, іске дегендей, жастардың ауданымыздағы көмектері ұшан-теңіз.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button