Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратДенсаулықҚоғам

Алматы облысында 32 мыңан астам вакцина қалды

Жыл басынан вакцинаның І компонентінен 540 645 дозасы келіп түсті, оның 508 063 дозасы қолданылып, қазіргі уақытта облыста 32 582 доза вакцина қалды.
Бірінші компонентпен 508 063 адам егілді, екіншісінен — 283 119. Вакцинацияланғандардың арасында — теміржол саласының қызметкерлері – 2526, тамақ өнеркәсібінің жұмыскерлері – 1680, өнеркәсіптік құрылымдардың жұмыскерлері – 2591, сауда кәсіпорындарының қызметкерлері – 2947 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 387 552 адам вакцина алып үлгерді.
Айта кетейік, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан, 0,5% — ға дейін ұлғайды.
Соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 160 жағдайы тіркелді.
Індеттің ең жоғары өсу қарқыны Алакөл — 1,2%, Балқаш — 0,7%, Еңбекшіқазақ — 0,6%, Іле — 0,9%, Қарасай — 1,0%, Қаратал — 0,7%, Райымбек — 0,9%, Талғар-0,7% аудандарында байқалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button