Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамТұлға

25 шілде – ел тарихында ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін бұқара халық болып сайлаған тарихи күн болып қалмақ

Бұл күні еліміздің басқа өңірлеріндегідей, Іле ауданы Чапаев ауылдық округының әкімін сайлау науқаны өткізілді. Саяси науқан кезінде өрескел құқықбұзушылық пен оғаш қылықтар тіркелген жоқ. Ауылдық округ әкімін сайлау барысында арақашықтық сақталып, тұрғындар сақтық шараларын қатаң ұстанды. Чапаев ауылдық округынде сайлаушылар тізіміне 6656 азамат енгізілсе, оның ішінде 5257 тұрғын (78,9%) дауыс беруге қатысты. Ауылдық округке 4 азамат өз кандидатурасын ұсынып, сайлауалды бағдарламаларын, алдағы уақытта атқаратын, өзекті, аса маңызды деген мәселелерді ел назарына ұсынған болатын. Сайлау нәтижесі бойынша 10 бюллетень жарамсыз болса, «барлығына қарсымын» еген жолаққа 65 адам белгі қойып, кандидаттарға көңілі толмайтынын білдірді.
«Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан басқаша өрбіп, ел болып, халық боп өздері таңдау жасап, ауыл әкімін сайлады. Ауыл әкімін халық боп сайлаудың ұтымды тұсы көп. Біріншіден, халық өзі таңдау жасай алады. Екіншіден, әкімді халық сайлаған соң, ол әкімнің иығына жауапкершілік жүгі артылып, өзіне сенім артқан елдің аманаты мен ақ үмітін ақтау мәселесі бірінші орынға шығады.
Әкімдікке үміткерлердің қай-қайсысының да өзіндік ойы, алға қойған мақсаты бар азаматтар. Десек те, әркім өз таңдауын жасайды. Бұл сайлауда айқын басымдыққа ие болған азамат Чапаев ауылдық округінің әкімі атанып, ел тізгінін қолға алады.

Ахмет Ербол,

сайлау комиссиясының мүшесі

Басқа жаңалықтар

Back to top button