Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ЖОҒАРЫ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 25 шілдесінде елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Сайлау жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік.», -деген еді. Осыған орай ауданның Чапай ауылдық округіндегі сайлаудың жоғары белсенділікпен өткендігін айта кеткен жөн. Ең бастысы, Чапай ауылдық округінің әкіміне үміткер болып төрт адам тіркелді. Мұың өзі Алматы облысы бойынша тіркелген үміткері көп округ еді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары да үлкен белсенділікпен жүрді. Сайлау үш учаскеде өтті. Таңертеңгісінен бастап халық сайлау учаскелеріне толассыз ағылды. Есеп бойынша сайлауда 6652 адам өз таңдауын жасап, сайлаушылардыңғ бұл саяси науқанға қатысуы 79 пайызды құрады. Ауыл тұрғындары бұл күні жоғары ұйымдастырушылық танытып, өздерінің мемлекет ісі мен қоғам өміріне белсене араласатындықтарын және еліміздің дамуы мен болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетті.

Роза Айдарбекова,

Іле ауданының құрметті азаматы,

ардагер, журналист

Басқа жаңалықтар

Back to top button