Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЗнай нашихҚоғамТұлға

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІКТІҢ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР

Депутат МІНБЕРІ

Алмасбек Қожабекұлы Сатибаев – «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орын-басары, аудандық депутаттық фракция жетекшісі.

Үстіміздегі жылы өткен Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында негізінен – «Nur Otan» париясы жеңіске жетіп, депутаттардың басым бөлігі нұротандықтар болғандықтан мұндағы барлық жұмыс аудандық филиал төңірегіне топтасып жатқандығы түсінікті. Осыған орай, Алмасбек Қожабекұлының мойнына жүктелетін мін-деттің салмағы да жеңіл емес. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды үйлестіріп, әрбір депутатқа өзіне тиесілі тапсырмасын беріп, оның орындалуын қадағалап отыру қажет. Мұның сыртында партияның аудандық филиалына өздерін толғандырып жүрген әртүрлі мәселелермен қаншама адам келеді. Оларды қабылдап, сұрағына қарай жауап беру, мәселесін шешуге ықпал жасау сияқты жұмыстар да жетеді. Осындай маңызды қоғамдық іс-шаралардың ортасында жүрген Алмасбек Қожабекұлына жолығып, бірқатар сұрақтарға жауап беруін өтіндік.

 – Алмасбек Қожабекұлы, ең алдымен партия филиалы төрағасының орынбасары, депутаттық фракция жетекшісі ретінде партияның сайлауалды бағ-дарламасының маңыздылығына тоқталып өтсеңіз?

— Алдағы онжылдық біздің партия үшін Отан игілігіне арналған бұдан да белсенді жұмыс кезеңіне айналады. Жерлестеріміз көрсеткен сенімді біз жоғары бағалаймыз және халықтың үмітін ақтау ісінде қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Халықпен бірігіп бақуатты қоғам құрып, өңіріміздегі әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі, өркендеуі әрі дамуы және өзін-өзі танытуы үшін барлық мүмкіндіктер жасау жолында аудандық мәслихат депутаттары аянбай жұмыс атқаруда.Партия атынан сайланған депутаттар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысында бар мүмкіндіктерін жұмылдыруда. Бізде осы бағдарлама аясында ауданды дамытудың 7 басым бағыты айқындалды. Олар: 1. Экономикалық тұрақты аудан, 2. Қолайлы аудан, 3. Әлеуметтік бағдарланған аудан, 4. Жастарға арналған аудан, 5. Тарихы мен мәдениеті бай аудан, 6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар, 7. Қауіпсіз аймақ. Осы басым бағыттарды жүзеге асыру арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға күш жұмылдыру. Ауданда әр бағыт бойынша атқарылуға тиісті жұмыстың жоспары жасалынып, оның орындалуына депутаттық ықпал ету шаралары белгіленді.Ауданның экономикалық тұрақтылығына қол жеткізу үшін бірқатар жаңа өндірістік кәсіпорындардың құрылысы жүзеге асып, шамамен 14,5 мың жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз. Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салынуда. Кәсіп-керлерге барынша қолдау көрсетілмек.

Елдімекендерді таза ауыз сумен қаматамасыз етіп, жол және көлік ин-фрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғыртуға, өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» атты жобалар қолға алынады. Жол сапасы жақсарып, тұрғын-үй коммуналдық шаруа-шылық желілері жөнделмек. Экологиялық жағдай жақсаратын болады. Тұрғын үй құрылысы көптеп салынады.

Әлеуметтік бағдарланған аудан бағытында медициналық қызмет көрсету және білім саласы барынша жақ-сартылмақ. «Бақытты отбасы», «Арда-герлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға және олардың кез келген жұмысқа белсенділігін арттыруға бағытталатын болады. Бұқаралық спортқа кеңінен жағдай жасалынады. Жастарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі. Жастарды жұмыспен қамтуға мән беріліп, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыда өз бағыттарын табуына жағдай жасалынады. Аудандағы тарихи ескерткіштер қамқорлыққа алынып, осы өлкеде дүниеге келген өнер қайраткерлерінің мұрасы насихатталады.

Ашық есік және есеп беретін жергілікті органдар бағыты бойынша аудан тұрғындарының  мәселелерін  шешу жолдарын іздеу үшін ашық пікірталас алаңы жұмыс істейтін болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету қолжетімділігі, партиялық және қоғамдық бақылау сапасы қамтамасыз етіледі. Партия құқық қор-ғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметінің тиімділігін, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға ықпал ететін болады. Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін партияның депутаттық фракциясы жанынан 9 қоғамдық кеңес құрылып, оның төрағалары сайланды.Атап айтқанда, Партиялық бақылау комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша, Ұлт денсаулығы мәселелері және білім мен ғылымды дамыту, Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселелері, Аграрлық секторды дамыту, Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау, Өңірлік даму, Жастарды қолдау, Экологиялық кеңес жөніндегі қоғамдық кеңестер құрылып, өздеріне тиісті жұмыстарын атқаруда.

– Енді, депутат ретінде жеке өзіңіздің атқарған жұмыстарыңыз туралы айта кетсеңіз?

Маған бекітілген Боралдай кенттік округі – аудандағы ең үлкен елдімекен. Өнеркәсіпті аймақ. Көп ұлт өкілдері тұратын Боралдайда тұрмысқа қолайлы барлық жағдай бар деп айтсақ, дұрыс болмас. Жол, су, жарық, кентті абаттандыру мәселелері әлі де болса күн тәртібінен түскен жоқ. Халықтың саны жылдан жылға көбеюде. Халық тығыз топтасқан жерде өзінен-өзі кейбір сұрақтар туындап тұрады. Олардың көбін жер, тіркеуге тұру мәселелері толғандырады. Шамам келгенше кенттік округ әкімімен бірлесе отырып, тұрғындардың өтініш-талаптарын қанағаттандырамыз. Боралдайда айына екі рет қабылдау жүргіземін. Қабылдауға келген адамдарға өздерінің өтініші бойынша заң тұрғысында көмек көрсетемін. Мәселен, Өзбекстаннан көшіп келіп, 12 жыл құжаттарын рәсімдей алмай жүрген Лиза Худайбергеноваға заңгер Қуаныш Сайдолаевтың «Заңгерлік жобасын» қолдау аясында нақты көмек көрсетілді. Соның нәтижесінде Лиза Худайбергенова 12 жылдан соң жеке куәлігін алды. Баласының жүрегі ауыратын Ақкөзова Мәншүк деген анаға қаржылай көмек көрсетіліп, баласын Түркия елінде емдетуге мүмкіндік туғызылды. Көпбалалы ана Науанова Ақшолпанға үйінің құрылысын салу үшін 600 мың қаражат тауып бердім. Жалғызбасты әке Сайран Кенжебековтің, құжаттарын рә-сімдеп, үй кезегіне тұрғыздым. Бұдан басқа жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, көп балалалы аналарға, арда-герлерге тұрақты түрде азық-түлік, отын-су жағынан жәрдем беріп, қайырымдылық көмегін жасаймын. «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне де келген адамдардың барлығының өтініші тиісінше қанағаттандырылады. Жалпы алғанда, саған үлкен сенім артып, депутаттыққа сайлаған халықты сыйлау қажет. Олардың сенімі депутат үшін абыройлы міндет, үлкен жауапкершілік. Сондықтан партия атынан сайланған депутаттар тұрғындардың сенімін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.

– Уақыт тауып, бізге сұхбат бергеніңізге рахмет!

 Роза АЙДАРБЕКОВА

Басқа жаңалықтар

Back to top button