Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДін және қоғамҚоғам

“ИХСАН”  ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Ихсан» сөзінің толық мағынасы «Әдемі болу» дегенді білдіретін «Иусн» сөзінен шыққан. «Ихсан» басқаларға жақсылық жасау және «ісін ең көркем етіп жасау» деген мағынаны қолданады. Ихсан жасаған адамға «Мұхсин» дейді. Хазірет Әли; «Адамдар өз жұмысын ихсан етіп жасауына қарай дәрежеленді» деген кезде осыны меңзеген. Құран Кәрімнің «Сәжде» сүресінің 7 аятында «Алла жаратқан барлық нәрсені ең көркемін жаратты», дегенде «ихсан» сөзін қолданған. Мәдениеттілік жайында жазылған әдебиеттерде ихсанды көбінесе «Парыз болған амалдармен қоса алғанда міндет болмаған басқа да игі амалдарды шынайы ықыласпен және сүйіспеншілік пен жасау» деген мағынада қолданады. Құран кәрімде «Ихсан» сөзі жетпістен астам аятта Аллаға да, адамдарға да қатысты түбір сөз, етістік және зат есім түрінде айтылған. Бұл аяттардың кейбірінде «Біреуге жақсылық жасау» және «Жасаған ісін ең көркем етіп жасау» деп қолданса көп жерінде ешқандай сипаттамасыз мағынада қолданады. «Шын мәнінде Алла әділдік пен ихсанды әмір етеді» деген сөзбен бастаған аяттарында түсініктеме берген әдебиеттерде әдептілік пен тасауфты негізге ала отырып толықтырады. Қорытындылайтын болсақ, ізгілік пен сұлулықты адамгершілігі мен сезімталдылығы жоғары адамдар ғана сезіне алады. Алайда нағыз жақсылық жасаушы, яғни «мухсин» жаратқанды жаратқаны үшін жақсы көру.

 

Досан Сембеков,

Жаңаталап ауылының бас имамы

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close