Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Тағайындау

Іле аудандық «Іле таңы» газетінің 11 тамыз 2021 жылғы құрылтай отырысының шешімімен Ахмет Ербол Бауыржанұлы  «Іле таңы» аудандық қоғамдық-саяси  апталық газетінің директор-бас редакторы қызметіне тағайындалды.

Ахмет Ербол Бауыржанұлы  1995 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келген.

2013-2017 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды;

2019 жылы «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдары магистрі;

2018 жылы Алматы облысы, Іле ауданы әкімі аппаратының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, 2019 жылы «Іле аудандық ішкі саясат» бөлімінің әдіскері болып жұмыс істеді.

2020 жылдың мамыр айынан «Іле таңы» газетінде жауапты хатшы, 2021 жылдың қаңтар айынан директор-бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button