Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамРухани ЖаңғыруТұлға

«Абай-дара, Абай-дана қазақта»

10 тамыз Абай күніне орай Іле аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы, ойшыл философы, ұлтымыздың рухани мақтанышы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай-дара, Абай-дана қазақта» атты оқырмандар конференциясы өтті. Кітапханада  «Абай сөзі — қазақтың бойтұмары»  атты кітап қорындағы Абай шығармаларынан кітап көрме-инсталляция ұйымдастырлып, оқырмандарға таныстырылды.

Конференция оқырмандарды ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, Абай өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ішкі рухани тазалыққа үйрету, елжандылыққа терең білімге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Конференцияға белгілі ғалым алаштанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ісімақова Айгүл Серіқызы, абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Кенжеғараев Ноябрь Жанатұлы, Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы, Іле аудандық мәденеите және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рақымжан Бақытжан Көкенұлы, №38 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенғұлова Ғалия Масақбайқызы №38 мектеп гимназясының оқушылары мен көпшілік оқырмандар қатысты.

Конференция барысында «Абай және Алаш сабақтастығы», «Абайдың адамгершілік ілімі», «Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналар» сұрақтары бойынша конференция спикерлері өз ойларын ортаға салды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көкенұлы өз шығармашылығынан «Абайға арнау» өлеңімен іс-шараны қорытындылады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button