Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Қызмет – абыройлы міндет

Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер – жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асыратын өмір сапасы болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi – жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;

2) Мемлекеттік корпорация арқылы;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдар-ламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Бүгінгі таңда Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:

  1. Шалғайдағы ауылдық елдімекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
  3. «Елдімекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».
  4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қиылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді. Өткен жылы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты арқылы 310 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Округ аумағындағы қалыптастыру процесін автоматтандыру үшін @Egov, KZ ПОРТАЛЫ енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артық-шылықтары – олардың қолжетімділігі және бенефициарлардың қолайлылығында. Қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы ретінде мыналарды атап өтуге болады: қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік; мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, қызмет алуға байланысты уақытша шағындарды қысқарту; үйден немесе жұмыс компьютерінен мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуін жақсарту, баламалы және электрондық қызметтердің үлесін көтеру мақсатында ХҚКО арқылы және электрондық қызметтердің кең таралуын және пайдаланушыларды арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру жөнінде шаралар болып табылады. Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты тұрғындарға, орта мектептердің және балабақшалар ұжымымен ХҚКО мамандарымен ауыл тұрғындарына мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасында аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторинг бөлімі бекіткен жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін тұрақты өткізіп тұрады.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру.

Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелер ғимараттарында орналасқан Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот, @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз алуда. Чапаев ауылдық округ әкімі аппараты және округ аумағындағы барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәр-тібі туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалған. Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық көрі-ністері мен бюрократтық тосқауылдың азаюына негіз тудыру.

Үшіншіден, Руқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту болып табылады. Мем-лекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.

Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасында атқарылып жатқан жұмыстары бойынша өткен жылы аудандық қоғамдық кеңес отырысында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында депутаттық фракция отырысында талқыланады.

Аудандық мониторинг бөлімі тарапынан ішкі бақылау шаралары жүргізіліп, аудандық арнайы мониторингтің топ мүшелері зерттеу жұмыстары үнемі жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар жасалып, тұрғындарға қызмет ету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Округ әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.

М. Женибекова,

Чапаев ауылдық округі әкімі

аппараты ММ-нің бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button