Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

АПАТ ТОҚТАҒАН СӘТ

Осы аптада «Семей ядролық жарлысының 30 жылдығына» орай аудан көлеміндегі Ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушы ардагерлерді аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне арнайы шақырылып, төс белгімен марапаттады. Алматы облысының бас санитарының жарлығы бойынша барлық санитарлық талаптар сақталды. Олар өздерінің мүмкіндіктерінің шектеулі екендігіне қарамай, аудан көлемінде түрлі салада аянбай қызмет етті.

Қазір зейнет жасына шықса да, өскелең ұрпаққа өз тәжірбиелерімен бөлісіп, сыр алысып жүр.

Аталмыш бөлім, барлық іс-шарада ардагерлерді ардақтап, мерейтойлар мен естелік күндеріне жиі шақыртып тұрады. Осы жолы да Іле Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, майор Серік Медеубаев елінің абыройын асқақтатып, Чернобыль апатында адамзатқа өте зиян  улы радияцияның таралуына тосқауыл болған ардагерлерге мадақ қағаздармен қатар төсбелгілерін тарту етті. Ол: Сіздердің ел алдында жасаған ерліктеріңіз ешқашан, ел есінен кетпейді деп ойлаймын. Биылғы жылы аталып отырған тағы да бір қазақ даласына зобалаң әкелген Семей ядролық жарылысының тоқтатылғанына 30 жыл толып отыр. Қаншама ұрпақтың болашағына у таратып, балта шапқан бұл кезеңді Алаш жұрты ұмытпайды.

Міне, осындай қиындықтарда сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, әскери тапсырмаларыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар.

Сіздерге бүгінгі өскелең ұрпақтарыңыз мақтанышпен қарайды.

Бүгінгі марапатталған төсбелгілерңіз құтты болсын! – деді.

Жиын  барысында сөз алған Алматы облысы Чернобыль апатына қатысушылар қоғамының төрағасы Мұсафа Құсайын  сөз алып, өз пікірімен және жаңалығымен бөлісті.

Қазіргі «Цифрлық Қазақстан» жобасының іске асыруына орай ардагерлердің өзінің төлқұжатындағы щип арқылы барлық деректері базаға кіретін болады. Бұрынғыдай қолдарына төлқұжаттарын алып жүрмейді. Тағы бір айта кететін жәйт, қазір мүгедектігі бар кез келген Ауған соғысы, Чернобыль апатының қатысушысы өздерінің таңдаған санаториіне барып ем қабылдай алады. Сондықтан осы жағдайымызды қарастырып отырған үкімет басындағы бауырларымызға мың алғыс.

Биылғы аталып өтіліп жатқан Семей ядролық жарылысының тоқтатылғанына 30 жыл толуын мен қайғыра еске аламын. Өйткені қарға тамырлы қазақтың тамырына балта шаба жаздады. Кейбірін жер бетінен жоқ қылып  жіберді. Енді осындай апаттар орын алмауын тілеймін, – деді қарт ардагер.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button