Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДенсаулықҚоғамТұлға

Мадина Достемисова: ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛАҒАН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!

Жер әлемді өзіне қаратқан тәж тажал індетінің күші әлі кеткен жоқ. Қайта әлсін-әлсін еліміздің кейбір аймақатырн шарпып өтуде. Соның ішінде Алматы облысы да бар. Соңғы мәліметке қарағанда Алматы облысында 330 аты жаман індетті жұқтырғандар тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда мамандар тәжірбие жинақтап алғаны көрініп тұр, бүгінгі күннің қаһармандары қауіпті аймақтарда еңбек етіп, пациенттерді аман алып қалу үшін короновируспен алысып жатыр. Осы есіл еңбектің нәтижесінде өкпесі 80-90 пайызға зақымданған пациенттер дертінен айығып шығып жатыр. Ақ желеңді абзал жандардың еңбегі туралы айта кеткен жөн.

Тамыз айының басында орталық ауруханаға аяғы ауыр, ай-күніне жетіп қалған Байсерке ауылының тұрғыны Мадина Достемесова короновирус көрсеткішімен түседі. Дене қызуы 40-тан асқан. Бірде есін біледі, бірде екі өкпесімен мия екі жақтап қысып қатты қиналған. Алғашқы күні «Сипап» өкені жасанды тыныс алдыру  аппаратына қосылады. Одан кейін тыныс алуы төмендеп кетеді. Дәрігерлер Мадинаны «Бобров» оттегі аппаратына қосады. Мұндайды алғаш көрген науқас алдымен жан күйзелісін білдіріп, депрессияға түседі. Бір жағынан аяғы ауыр Мадина екпетінен жатқызуда өзіндік қиындығын тудыртады,  Осылай Іле аудандық орталық жұқпалы аурулар палатыснда бірнеше науқаспен жұмыс басталады. Психологиялық жолменде демеу беріп «Сіз жазылып кетесіз, шымдамды болыңыз!», «Сіз отбасыңызға керексіз!» — деген моральдық демеу көрсетіп отырады. Әр науқастың өмірі ақ халатты абзал жандар үшін өте маңызды.

Мадина Достемисова: «Дәрігерлерден бастап мейірбикелерге дейін сізден айырылып қаламызба деп уайымдадық деді. Бірақ өмір тәтті ғой мен де берілмеуге тырыстым. Есімді жоғалтып алған күндерде болды. Төрт күн ес-түссіз жаттым. Олардың бет әлпеті есімде жоқ маскамен жүрді. Менің жадымда олардың мені аман алып қалу үшін сөйлеген жылы сөздері ғана еміс-еміс есімде. Жылы сөздері мен қамқор аялы алақандары мені осы өмірге қайта сүйреді» — деді.

Бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өмір мен өлімнің арасындағы арашасы аудандық дәрігерлер ұжымы. Иә, біз күнде қолымызды бір сілтеп «Осылардың қолынан не келеді адамды өлтіргеннен басқа?» — деп немқұрайлықпен қараған өзіміздің Өтеген батыр кенті орталық аурухана дәрігерлері.

Расыменде жағдайы бастапқыда өте мүшкіл, өкпесі 73 пайызға дейін зақымданған еді дедйді пациентті емдеген инфекционист, терапия бөлімінің меңгерушісі Қайрат Кунирбаев. Оның үстіне аяғы ауыр болғандықтан туу уақытыда жақындап қалған. Алайда екі апта күрестің жолында беті бері қараған.

«Бізге науқас түскен күннен бастап оның жалпы характеристикадан бір сараптап өтеміз. Қазір коронавируспен ауырып түскендердің көбісі психологиялық шабуылдың астында қалады. Міне осы тұста жанында тәнінде емдеу үшін барлық кұш–жігерімізді саламыз. Аман алып қалудың жағдайын жасаймыз. Қайткенменде сен дәрігерсің және науқас бір саған үміт артып отыр.» — деді терапевт Қайрат Кунирбаев.

«Қазір сауығып үйге шыққалы отырмын. Мен осы уақытқа дейін бізді дәрігерлердің жұмысына немқұрайлықпен қарайтын. Қазіір сол қылығыма қатты қапаланып отырмын. Бұл кісілер маған және менің балама екінші өмір сыйлады. Отбасы ошақ қасына аман-есен қауышуыма мүмкіндік берді. Бірінші Жаратушымызға екінші осы кісілеге алғыс айтамын!» — деп қуаныштан көзіне жас алды Мадина Достемисова

Індет ешкімді аяп жатқан жоқ. Алдына келгенді жайпап жатыр. Мадина сияқты аяғы ауыр азаматтарымыз осы індетті жұқтырып алып жатқандар саны артуда.

Қазір аудандық жұқпалы аурухана орталығында 90 пайыз короновируспен ауырған науқастар құлан таза айығып,  жазылып шығуда. Қуанышымызға орай сұм індеттен көз жұмғандар саны өте аз. Дәл қазір вируспен күресіп жатқан науқастарда аяғы ауыр жас аналарда бар. Оларда ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегінің нәтижесінде ем алып жатыр.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button