Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Алматы облысының орталығында 60-қа жуық отбасы баспаналы болды

Талдықорғанның облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай қаладағы оңтүстік-батыс тұрғын ауданының «Болашақ» шағын ауданында көппәтерлі үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады. Барлығы көпқабатты тұрғын үйде 55 пәтер бар.
Бас шаһардың мерейтойы аясында 60-қа жуық отбасы баспаналы болып отыр.Тұрғындарды мерекемен құттықтап, жаңа пәтердің кілтін табыстауға облыс әкімі Амандық Баталов арнайы келді.
Ол өз сөзінде, Талдықорған қаласы облыс орталығы болып ауысқалы бері танымастай болып өзгергендігін айтты.
«Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар бойынша өсу қарқыны орын алды. Қала жан-жақты дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн»,- деді облыс әкімі Амандық Баталов.

«Шаңырақ»тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары жаңа пәтерлердің бақытты иегерлері атанды. Солардың қатарында, ақ жаулықты ана Нүкен Құлбайқызыда бар.

«Балам бүгін құтты шаңырағының кілтін қолына алды. Бұл қоныс тойды ұзақ уақыт күттік. 2005 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде 4 перзенті бар. Балаларым үшін өте қуаныштымын. Баспаналары берекелі болсын. Бүгін тіпті қуанғаннан көзіме жас алып отырмын»,- дейді Нүкен Құлбайқызы.

Айта кетейік, алдағы 5-10 жылда қала тағыда жаңарып, жандана түспек. Келешекте бас шаһар көрінісі бүгінгіден де өзгеше болмақ.

Tags

Басқа жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close