Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамСпорт

«Кедергісіз спорт»

2021 жылдың,  тамыз – қыркүйек айларында, «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры «Іле аудандық ішкі саясат бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің тапсырысы аясында , «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша «Жақыныңа жанашыр бол!»  жобасының «Кедергісіз спорт» атты кездесулер өткізді.

Қоғамдық қор қызметкерлері мен танымал спортшылардың қатысуымен мүмкіндігі шектеулі 13 (он үш) азаматтармен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесуге Джиу-джитсудат бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров пен шәкірті екі дүркін Әлем чемпионы атанған Жібек Құлымбетова, және Волейболдан Қазақстан паралимпиадалық құрамасының капитаны, Алматы қаласының маслихат депутаты Серік Есматов шақырылды.

         18-19 тамыз аралығында, Нұрсұлтан Орынбасаров, Жібек Құлымбетова және қор қызметкерлері 9 (тоғыз) азаматтың үйлерін аралап, кездесті.

         23- қыркүйек күні Серік Есматов пен Қор қызметкерлері 4 (төрт) азаматтың үйлерін аралап, кездесулер өткізді.

         Кездесуде Мүмкінділігі шектеулі азаматтарды жігерлендіріп, моралды түрде күш қуат беріп, спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға, өмірге деген құштарлығын ояту мақсатында кездестіру ұйымдастырдық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button