Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

Қарттарымыз – қазынамыз дейтін халықпыз. Ақылы дария қарттарымыздың халықаралық мерекесі біздің елімізде жоғары деңгейде аталып өтеді.

Бұл күні алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, қарттарға арналған іс-шаралар өткізіледі. Біздің де мектеп шет қалған жоқ.

Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы №34 орта мектеп. Мектебіміздің директоры  Г. Т. Рахымбаева бастаған 1 қазан – Қарттар күніне орай «Үлкенге ізет» тақырыбында жоспар бойынша «Қарттар – асыл қазынам» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында дәстүр бойынша 7 «В» сынып оқушылары және сынып жетекшісі С.Ж.Есембаева Темір жол саласында зор еңбегі сіңген Ғабдулин Тұрарбек атамызға және Ғабдулина Жәмиля апамыздың үйіне барып қайтты. Атамыз бен апамыз Темір жол саласында 45 жыл қызмет атқарған. Тұрарбек атамыз және Жәмиля апамыз балаларды қуана, жылы лебіздерімен қарсы алды. Тұрарбек атамыз өзінің қызметтегі алған медальдарын, мақтау қағаздарын, марапаттарын балаларға көрсетті. «Біз де сіздер сияқты елімізге қызмет етіп, дана қарттар болсақ» – деп шәкірттеріміз атаның өнегелі өміріне қызықты. «Қарттарым – асыл қазынам» демекші, атамыз бен апамыздың өмірі – тұнып тұрған қазына. Қаншама қызықты оқиғалармен бөлісті, балалармен әңгімелесіп, өткен өмір жолдарын еске түсірді. Қайтарда  оқушылар сыныптың атынан қарттарымызға сый-сияпаттар ұсынды. Өте керемет жылы кездесу болды. Қарттарымыз аман болсын!

Сания Есембаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button