#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамСпорт

Қазақ күресі дәстүрлі турнирін өткізді

Қазан айының алғашқы үш күні  Өтеген батыр ауылында орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қазақ батыры Райымбек Хангелдіұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы 19-шы Республикалық турнирі өткізілді.

Аталған турнирге республикамыздың 13 облысы мен 3 қаладан барлығы 250-ге жуық  жас балуандар қатысты. Турнирдің ашылу рәсіміне «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы, Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы – Шахарбек Рахман Қуанышұлы қатысты. Сонымен қатар турнирдің алғашқы құттықтау сөзі «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы еліміздің барлық өңірінен келген спортшыларды атаулы турнирдің ашылуымен құттықтап, осы турнирге атсалысып, өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Жарыстың мақсаты туралы тұңғыш Қазақстан барысы, Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Рысқұл Ұлан Ғалымұлы: «Райымбек батыр атындағы турнир міне осымен 19 рет бой көтеріп отыр. Мақсатымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту, ұлттық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдерді ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, республикада Қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне жеткізу және халықаралық аренадағы беделін көтеру» — деді,

Жүлделі  орынға  қол жеткізген спортшылар Алматы облысының дене-шынықтыру және спорт басқармасы басшысының мақтау қағаздары, медальдар және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button