Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

 КазЦИК ауылдық округі бойынша «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бойынша жұмыстарын жүргізу мақсатындаокруг мектептерінде арнайыбұйрық шығарылып, мектептерде жөндеу жұмыстарына, кеңсе тауарларын сатып алуға және т.б.с.с. түрлі себептермен оқушылар мен олардың ата – аналарынан, педагог қызметкерлерден ақша жинауға қатаң тыйым салынды, ақша жинау фактілерін болдырмау мақсатында жұмыстар күшейтілуде.   «Адал ұрпақ- мәңгілік ел болашағы» атты апталық жоспары құрылып, бекітілді. Округте жемқорлықты болдырмау мақсатында барынша жұмастар атқарылуда.

«КазЦИК ауылдық округі әкімі аппараты»ММ

жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы

 А.Сүлейменова

Басқа жаңалықтар

Back to top button