Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Санақтан өтпеген жағдайда не істеу керек

Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өткен 2021 жылғы үшінші ұллтық санақ жұмысын аяқтады.
31 қазан мен 8 қараша аралығында нақтылау аралау жұмыстары басталды. Ауданда 1 қарашаға 310000 адам санақпен қамтылды, ол ағымдағы жылдың 1 тамызындағы халық санының 135% құрады.
Санақ аяқталғаннан кейін, «санақ бітті, бірақ мені тіркеген жоқ» деген әлеуметтік желілерде орынсыз пікірлер пайда болды. 30 күн бойы 262 интервьюерлер өздеріне белгіленген өдістеме бойынша өз учаскелерін аралады, мүмкін сол кезде сізді үйден таппаған шығар. Көптеген  пәтер иелері санақ қызметкерлеріне есіктерін ашпады, олар бір пәтерге бір неше рет келуге мәжбүр болды.
Бүгінгі күнге санақтан өтпей қалған тұрғындардың көбісі, белсенділік  танытып, азаматтық борышын өтеп, өз бетінше онлайн санақтан өтіп жатыр, өйткені  www.sanag.gov.kz сайты жұмыс істеуде, сонымен қатар электрондық үкімет  Egov және Aitu мобилдық қосымшасы арқылы өтулеріңізге болады. Тағы да  call center-ге қонырау шалу арқылы интервьюерлерді шақыруға болады.
Санақ халықты қарапайым санау емес, санақ сауалнамасына көптеген аспектілер енгізілген. Қазақстанда халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізілетіндіктен, алынған мәліметтер көптеген мекемелер алдағы он жыл ішінде өз қызметінде пайдаланатын орасан зор ақпарат көзіне айналады. Тұрғындар енгізген көрсеткіштер негізінде мемлекет халықтың сандық құрамын ғана емес, сонымен бірге «сапалық» құрамын да анықтайды, белгілі бір облыстың, қаланың, ауылдың инфрақұрылымының дамуын болжайды және жоспарлайды. Мысалы, халық санының өсуі байқалатын аймақтарда қосымша мектептер, ауруханалар, перзентханалар, қала құраушы кәсіпорындар салу жоспарланады.
Халық санағы аяқталғаннан кейін осы аптада инструктор-бақылаушылар интервьюерлермен бірлесе отырып, әрбір есептік учаскелердің 10 пайызын қамтитын тұрғын үйлердегі респонденттерге сауалнама жүргізеді. Бұл кезең 8 қарашаға дейін жалғасады және 2021 жылғы халық санағы кезінде халықты тіркеудің толықтығын және деректер сапасының дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button