Алматы облысының жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет

ҚР  Президенті Қ. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын барлық сала бойынша жүзеге асыру бүгінгі таңдағы жергілікті атқарушы органдардың басты мақсаты.

Аталған тұжырымдаманы жүзеге  асыру үшін аудандағы барлық білім беру мен мектепке дейінгі тәрбие  беру мекемелерінде ата-аналармен кері байланыс жасау, олардың ұсыныс тілектеріне уақытында жауап беру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта  қазіргі кезде білім беру мекмелері арнайы әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирлер өткізіп, ата-аналардың сұрақтарына  жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Алматы облыстық білім басқармасының Іле аудандық  білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес көрсетеді.

Білім бөлімімен 14 мемлекеттік қызметтер электронды түрде кейбір қызметтер баламалы түрде,  көрсетіледі. 

Олар: «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу», «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру», «Кәмелетке — мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру», «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау», «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау», «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау», «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау», «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою», «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру», «Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидасын әзірлеу және бекіту туралы» мемлекеттік қызметтері.

Жергілікті тұрғындарға білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру мақсатында бөлім басшысы ретінде жыл басынан бері 36 тікелей эфир өткізіп, ата-аналармен тікелей байланысқа шығып, сұрақтарға жауаптар берілді. 

Халыққа мемлекеттік қызметтер тиімді және ыңғайлы болу үшін  бөлімде және барлық балабақшалар мен мектептерде мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық стендттер  орнатылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бөлімде  «Е-акимат» ақпараттық жүйесі, мектептер мен балбақшаларда e-zhetysu.kz ақпараттық жүйесі қолданылады

ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы  Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданданған.

Сандық білім беру ресурстарын дамыту мақсатында білім бөлімінде және білім беру мекемелерінде халық үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасалды, аталған бұрыштар қажетті техникамен және ақпараттық стендттермен жабдықталған.

Білім беру мекемелеріндегі e-zhetysu.kz ақпараттық жүйесі  арқылы жеңілдікпен тамақтану, балаларды бірінші сыныпқа тіркеу, дарынды балаларға арналған мектептерге қабылдау үшін өтінім беру, лагарьге жолдама алу, шалғайдағы ауылдық елдімекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйіне тегін тасымалдауға жазылу, сонымен қатар, баланы басқа мектепке ауыстыру үрдістерін электронды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру және кезекті қалыптастыру процесі  толық автоматтандырылған.

Жоғарыдағы аталған ақпараттық жүйелерді қазіргі кезде ата-аналар барынша меңгеріп, керек қызметтерді тек қана электронды түрде алуда.

Автоматтандырудың негізгі артықшылығы ата-аналарға нақты уақытта порталда өтінішті тіркеу және білім бөлімі қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз тандалған балабақшаларға жолдама алу мүмкіндігін береді.  

Қазіргі кезде аудандағы барлық 50 мектепте мемлекеттік жүйге қарасты 9 бөбекжай балабақшада және жекеменшік балабақшаларда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталған. Аталған бұрыштар ар-қылы ағымдағы жылдың тоғыз айында 23 782 мемлекеттік қызметтер алынды.

Сонымен қатар білім бөлімі арқылы ағымдағы жылдың 9 айлығында 62 357 қызмет түрі ұсынылды.

Іле ауданы әкімі жанындағы  мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшелерімен тоқсан сайын білім беру мекемелерінде зерделеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Нәтижесінде қызмет алушыларға оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасау, пандустарды талаптарға сәй-кестендіру бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

Сондай-ақ, бағдарламаны орындау мақсатында білім бөлімі мен білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің барлығы «Азаматтарға арналған үкімет» (Халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алды.

Осы цифрлық қолтаңба арқылы «Электрондық үкімет» арқылы жұмыс жасай алады және керекті анықтамалардың барлық түрін ала алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында белгіленген мерзімі бұзылған тіркелген  қызмет көрсету анықталмады.

Бөлімге  осы күнге дейін қарастыруға заңды және жеке тұлғалардан 259 шағым келіп түскен (заңды тұлғалар -40, оның ішінде мемлекеттік тілде — 1, ресми тілде — 39; жеке тұлғалар — 219, оның ішінде мемлекеттік тілде — 65, ресми тілде -154).

Заңды  және жеке тұлғалардан келіп түскен — 259 шағымның (6 — түсіндірілді, 253-қанағаттандырылды).

Көрсетілген кезеңде келіп түскен шағымдар да бала асырап алу, ыстық тамақпен қамтылу, оқушыларды тасымалдау, үйтұрмыстық жағдайы бойынша акт алу, Қазақстан Республикасынан шет мемлекеттерге шығу үшін рұқсат алу, мектепке дейінгі білім  беру мекемелеріне кезекке қою, бір мектепке дейінгі білім беру мекемеден екінші мекемеге ауыстыру, мектепке дейінгі білім беру мекемесіне жолдама беру, жұмысқа орналасу, білім беру мекемелерінің құрылысы, әлеуметтік көмек көрсету, орта білім туралы көшірме алу, білім беру мекемелерінің басшыларына шағымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Барлық түскен арыз-шағымдарға Заңнамаларға  сәйкес түсіндіру арқылы қанағанаттанарлық жауаптар берілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағым келіп түспеген.

Бөлімнің азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес осы уақыт аралығында бөлім басшысы мен бөлім басшысы орынбасарының қабылдауында 102  жеке және заңды тұлғалар қабылданды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратты халықтың арасында түсіндіру  мақсатында «Іле таңы» газетінде  мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы барлығы 37 мақалалар және  ақпараттар  жарияланды.

Білім беру саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ляззат Каткеева

Алматы облыстық

білім басқармасыныңІле аудандық білім бөлімінің басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button