#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ

Өтеген батыр ауылында орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 50 жастан асқан ардагерлер арасында волейболдан Іле ауданының ашық турнирі өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту, ауданда волейбол спорт ойынын дамытып жетілдіру, ардагер спортшылар арасындағы жолдастық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы халықты спортқа тарту.

Аталған жарысқа 8 команда катысып, сонымен қатар жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары, медальдар, кубоктар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жыл басынан бері пандемияға қарамастан, барлық санитарлық талаптарды орындай отырып аудандық спорт бөлімі аудандық 15 спорттық іс шарасын өткізді. Оның сыртында 3 облыстық үш  республикалық спорттық үлкен додалар өткізілген. Осы жылдың аяғына дейін түрлі спорттық іс-шаралар жалғасын табатын болады.  

Ж. Қабдікәрімов,

Іле ауданының дене шынықтыру

және спорт бөлімінің басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button