#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Азат елдің ұландарымыз

Менің туып-өскен жерім –Қазақстан. Республикасы тәуелсіз, жері кең, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан жерінің асты да, үсті де бай. Асты бай дегенім — көптеген қазба байлықтары, ал, үсті бай дегенім – Қазақстан жеріндегі бейбіт, аспаны ашық, қырандай самғап, өмір сүріп жүрген халқым. Мен өзімнің Қазақстан жерінде туылғаныма қуанамын, Менің Отаным – Қазақстан деп мақтанышпен айта аламын. Мақтануымның себебі еліме жететін, жеріме жететін ел жоқ, жер жоқ деп айта аламын. Отанымды сүйе отырып, оның дамуына өз үлесімді қосуды мақсат етемін. Сондықтан да республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиынға сайдың тасындай іріктелген біздің мектеп оқушылары арасында өзім де бармын. Осы аталған жиынға бар ынта-жігеріммен қатысудамын. Оған біздің мектептегі «Орленок» әскери патриоттық клубының ықпалы зор.

Міне, осындай әскери-қолданбалы спорт түрлері мен байқаулардың онлайн-форматтағы «Айбын – 2021» VII Республиканың жастар жиынына қатысу арқылы біз әскери өмірдің қыр-сырын жете түсінуге үйренеміз. Әскери қатал тәртіпті, адалдықты, жолдастың сезімді осындай іс-шаралардан бойына сіңіріп өскен ұрпақ өмірлік жолында қандай да болсын қиындықтарды оңай еңсереді деген ойдамын.

«Айбын» – Ұлттық қамы, болашақтың баянды болуының кепілі деп білемін.

Қалықтатар көк аспанда байрақты.

Ұландармыз жігерлі, отты, намысты,

Шыныққанбыз шымыр болып қайратты.

Бағындырар асқаларды, алысты, – деген ұранмен бұл жарыста, барынша жақсы нәтижеге жетіп, мектебімнің намысын қорғауға бар үйренген білімімізді қосамыз. Бүгінгі күні өскелең ұрпақты Қазақтың патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері де ерекше рөлге ие.

Бізге осы жарысқа барынша көмек көрсетіп қолдау білдіріп отыр.

Жарысқа дайындық барысында біз Жаңалық ауылында орналасқан репрессияға ұшыраған құрбандарға арналған ескерткіш-музейге барып, қуғын-сүргін құрбандары болған адамдардың рухтарына тағзым етіп қайттық. Көп нәрсе білдік. Ой түйдік. Түсіндік.

Әрине, әлі де білеріміз, үйренеріміз өте көп екенін түсінеміз. Әр нәрсе еңбекпен келетінін жақсы сезінуімізге біздің әскери базаға саяхатымыз дәлелдей түсуде. Әскери өмір қажыр-қайратты, еңбеқорлықты, Отанға деген сүйіспеншілікті талап етеді. Бұл бірегей әскери-патриоттық іс-шара. Мақсаты – елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отан-сүйігіштік сезімдерін, ер-азаматтың қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Жарыстың әділ өтіп жатқанына бірінші сайыстан-ақ көзіміз жетті. Командамыздың сайыскері Жиенбаева ГауҺар үшінші орынды иеленіп, бізді бір қуантып тастады. Барлық қатысушыларға жеңіске деген ұмтылысы үшін алғысымды білдіремін. Қатысқан оқушылар әскери іспен танысып, әскер өмір мен Қарулы Күштердің тарихы туралы білім алды. Өздерінің білімдерімен ептіліктерін көрсетті және өздерін сынап көрді. Осы тұста Ұлы ұстаз Абай атамыздың: «Сен де бір кірпіш дүниегде, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқан сөздері есіме жиі келеді.Маған әкем әрқашанда адам бол» деп айтады. Мен бір күні осы сөздің мәні не деп сұрадым. Сонда әкем, бұл сөздің мәні, сен жақсы оқысаң, үлкенді сыйласаң, алдыңа үлкен мақсат қойып, білікті маман болсаң, халқыңа адал қызмет етсең, сонда Отаныңның қадірлі азаматы боларсың деп басымнан сипағаны бар. Мен барлық күш-жігерімді Отаным үшін аянбай қызмет етіңдер, Отанымның патриоты болу үшін барлық асуларды жеңіп шығуды алдыма мақсат етіп қойдым.

Бұл жиын Отанға деген сүйіспеншіліктің отын жақты. Сөзімнің соңын «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген қанатты сөзбен аяқтағым келіп отыр.

Әріп Нұрай, «№34 орта мектеп» МКМ 10 «А» сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button