#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жылҚоғам

ТІРЕГІМІЗ — ТӘУЕЛСІЗДІК, ТІЛЕГІМІЗ-ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Іле ауданы Междуреченск ауылында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Ақсай өзені бойындағы ашық алаңда шағын футболдан округте орналасқан мекемелер ұжымдары, мешіт жамағатының қатысуымен жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты округіміздегі азаматтардың ауыз-біршілігін нығайту, салауатты өмір салтын ұстану. Тәуелсіздік – сан тарихты бастан өткеріп, бойдағы тектілік пен тағдыр жазуының арқасында бүгінге жеткен Қазақстан халқының басына қонған қастерлі бақ. Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді. Елбасымыздың салиқалы саясаты мен ел азаматтарының жұмыла еңбек етуінің нәтижесі. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген әдемі сөз бар халқымызда. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы – бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін Тәуелсіздік мейрамының орны ерекше.

Қ. Жумекенов,

Междуреченск ауылдық округі

әкімі аппараты ММ-ң бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button