Алматы облысының жаңалықтарыЗаң және бізҚоғам

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмаудың маңыздылығы

Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналды.

Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып отыр.

Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол-әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-жемқорлық.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп–қатерлерінің бірі болып саналғандықтан, оның алдын алу және болдырмау үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл стратегиясы» 2014 жылы 26 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 Жарлығымен бекітілді. Аталған заңның мүлтіксіз орындалуы  мемлекеттік мекемеде жұмыс атқарып отырған адамдарға зор жауапкершілік артатыны баршамызға белгілі.Сондықтан осы заңда көрсетілген тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын сыбайлас жемқорылық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге барғызбау, алдын алу  барлығымыздың міндетіміз болып табылады.

Қорытындылап айтқанда, жемқорлықпен күрес ең алдымен адами факторлардың таным-түсінігіне,рухани кемелдігіне де байланысты. Сондықтан жемқорлықпен күрес жүйелі әрі тиімді тетіктерді іске қосқанда ғана оң нәтиже бермек.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» — деп адамның ары таразыға түскенде, ешқандай сыбайластық болмау қажет деп санаймын.

Таңатар Айнұр Таңатарқызы

Боралдай кенті әкімінің орынбасары

Басқа жаңалықтар

Back to top button