Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Татулығың мығым болсын, ағайын!!!

Бүгін Өтеген батыр ауылындағы №24 лицейдің акт залында қоғамымыздағы маңызы зор мәселе қаралды. Онда соңғы жылдары түрлі ұлт өкілдері арасындағы туындаған кикілжіңдерді аудан көлемінде алдын алу жұмысы сарапқа салынды. Осы мәселе бойынша аудан прокуроры Досмұханбетов Дархан Балтабекұлы округ әкімдері мен аудан көлеміндегі мектеп директорлары және олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен ұлтаралық алауыздықтың алдын алу мақсатында жиын өткізді. Жиынға Алматы облыстық Мәсихат депутаты Гүлжан Ерубаева, аудан  прокуратурасының  аға прокуроры Алмас Тұрлықожаұлы қатысты. Аудан прокурорының айтуынша ауыл арасындағы аталмыш мәселелерді көпшілікпен бірге шешу жолдарын қарастырды. Айта кетсек, бүгінгі таңда әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы дамыған елдердің өзін есеңгіретіп, дағдарысқа ұшыратты, экономикасы ілгері мемлекеттер түрлі қиындықты бастан кешіруде. Алыс-жақын шет елдерде қоғамдық қарым-қатынастардың келеңсіз тұстары ашылып, наразылықтар бой көрсете бастады. Әлеуметтік, нәсілдік және этностық теңсіздік соңы бір-ақ сәтте алауыздық отының тұтануына  себеп боларына көз жеткіздік.

Дәл осындай даулы мәселер ауданымыздың дамуына, ұлттар арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соғатыны айтылды.

Жиында аға прокурор Алмас Тұрлықожаұлы баяндама жасап, әділдік пен бірліктің маңызы туралы тереңнен толғады. А.Тұрлықожаұлы өз сөзінде: «Бабаларымыз аңсаған еркіндікке қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекет құрдық. Кешегі Төле, Қазыбек, Әйтеке билер көксеген, Абылай хан армандаған, Абай тілеген абат күнге жетіп, барша қазақтың басын біріктірдік. Тағдырымызбен тізе қосқан түрлі этнос өкілдері азаттықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қаласты. Осы бір жанымыз жарасқан татулығымызды ту еткен жүрісімізден танбайық. Ауданымызда тұратын 50-ге жуық түрлі этнос өкілдері жұмылған жұдырықтай бірге болуымыз керек. Елдің дамуы оның ішкі татулығына ғана негізделген. Ендеше, ауылдар арасындағы бірлігіміз жарассын!» — деді.

Татулықтың туын желбіреткен іс-шаралар мұнымен шектеліп қалмай, аудан көлемінде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Б. ЧОЙБАСОВ

Tags

Басқа жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close