Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ӘЙЕЛГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМДЫ ҚОРҒАУ

«16 күн зорлық-зомбылықсыз» Республикалық акция шеңберінде Іле ауданы, Жетіген ауылдық округінің Әкімі Н.А.Абилевтың басшылығымен, Іле АПБ ЖПҚ Әйелдерді қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Д.И.Талимжанованың, Жетіген ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы А.Бозжанқызының ұйымдастыруымен, ЖК «Калиновская» жеке кәсіпкері Т.Н.Калиновскаяның, ЖК «Аль-Саид» жеке кәсіпкері З.Т.Саметованың, ЖК «Туханов» өкілдерінің қолдауымен ақпаратты-танымдық, әрі рухани разылыққа бағытталған қайырымдылық іс шара өткізілді. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйел адамдарды рухани, психологиялық қолдау және олардың өздеріне  сенімінің, отбасына мейірімділіктің күшеюіне ықпал ету мақсатында  ЖК «Калиновская» сұлулық салонында бес әйелге шаш қыю, заманауи үлгіде шаш бояу, түсін өзгерту, т.б. косметологиялық қызметтер тегін көрсетілді. Бұдан әрі сұлулық салонынан шыққан соң, «Чайхана» асханасында дастархан дайындалып, түскі ас мәзірі ұсынылды. Сонымен қатар, сұлулық салонындағы қызметтер аяқталған соң, «Мир подарков» дүкені тарапынан косметологиялық әрлеуіш, опа-далаптар салынған шағын сыйлықтар үлестірілді.  Акция мақсаты, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ескертумен ғана шектелмей, әйелдерді мейлінше рухани, психологиялық тұрғыда қолдау болып табылады. Осы бағытта атқарылған іс шараға ат салысып, өз тараптарынан қайырымдылық көрсеткен жеке кәсіпкерлер Татьяна Николаевнаға, Зульфия Турсуновнаға алғысымызды білдіреміз. Осындай қайырымдылық іс шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Іле АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ.

(Іле аудандық полиция бөлімінің,

жергілікті полиция қызметі жанындағы әйелдерді

зорлық зомбылықтан қорғау тобы )

Басқа жаңалықтар

Back to top button