Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамРухани Жаңғыру

«Тәуелсіздік пен Желтоқсан –егіз ұғым»

13.12.2021 жыл. Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан Көтерілісінің 35 жылдығына орай «Тәуелсіздік пен Желтоқсан –егіз ұғым» атты кездесу кеші Желтоқсан Көтерілісі ардагерлерінің қатысуымен өтті.

Кездесу кеші оқырмандарға Тәуелсіздік жолындағы күрестер , Желтоқсан Көтерілісі арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді жеткізе ұғындырып, Отанды сүюге, құрметтеуге, Желтоқсан ардагерлеріне әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Тәуелсіздік мәңгілік ел тұғыры» атты көрме инсталяция ұйымдастырылып, «Желтоқсан желі» атты видиофильм көрсетілді. Кеш барысында Желтоқсан көтерілісі ардагерлері естеліктерімен бөлісіп, №7 орта мектептің «Жас полиция» сыныбы оқушылары Тәуелсіздік жайлы өлеңдер оқыды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button