Алматы облысының жаңалықтары

ХАЛЫҚТЫҢ ТАЛАБЫН ОРЫНДАУҒА БЕТАЛЫС

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Парламент Мәжілісінде маңызды мәселелерді айтты. Еліміздегі осы уақыттағы  саяси ахуалға қатысты нақты тапсырмалар берді. Ел бірлігі мен тыныштығын сақтау, қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі, шешілуі тиіс шұғыл әлеуметтік мәселелер мен білім беру саласындағы олқылықтардың орнын толықтыру жөнінде баса айтылды. Сонымен қатар депутаттардың айлық жалақысының  да бес жылға мараториге ілінуі, экономикамызға түскен салмақты біршама жеңілдететіні сөзсіз. Біз халықтың әл-аухатының тұрақтанып, ел ішіндегі саяси тұрақтылық пен бірліктің сақталуына күш жігерімізді жұмсап, қоғаммен бірге қызмет атқаруға әрдайым дайынбыз.

Сындарлы сәтте стратегиялық тұрғыда дұрыс әрі батыл шешім қабылдағаны бәріміздің болашағымызға үлкен үміт және табандылық әкелгені рас. Бұл шешім жаңадан жасақталған Үкіметтің жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Біз жаңа үкметтің ел экономикасын дамыту мен әлеуметтік саланы нығайту жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін бар күш-жігерін салатынына сеніміміз мол. Қазіргі жағдайға байланысты ел бірлігін, бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, Мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, оның шешімдері мен бастамаларын бір ауыздан қолдау қажетпіз. Сонымен қатар, алдағы уақытта Президент қойған міндеттер халық талабын табысты шешуге септігін тигізетініне кәміл сенемін.

Г. ЕРУБАЕВА,

Алматы олысының мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция   мүшесі

Басқа жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close