#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамСпорт

«Толағай» өз шеберлігін көрсетті

Өткен аптада Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылындағы №19 орта мектебінде  «Толағай» дзюдо клубының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010, 2013 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан «Тәуелсіздігім баға жетпес байлығым» атты  жарыс өтті.

«Толағай» дзюдо клубының ұйымдастыруымен өткен жарысқа Қарасай ауданы «Абдуали СК Көкөзек а/о» Алматы облысы, «Шамалған СК» Алматы қаласы «Легион СК», «Титан СК», «Екпінді СК», «Жауынгер СК», «Қаракерей Қабанбай СК», «Сайран СК», «Хамза СК», «Иппон СК», «Толағай СК» секілді 7 команда және Ащыбұлақ ауылының балалары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әуелі жас дзюдошылар өлшеніп, салмақтарына қарай бөлініп, барлығы жүзге жуық жеткіншек татами үстінде бақтарын сынады.

23 келі салмақтағылар арасында Дәурен Қалдыбек, 20 келіде Ерсұлтан Алтынбекұлы, +29 салмақта Бағдәулет Мырзағалиұлы жеңімпаз атанды. Күмісті Думан Аманбек 23 келі, Санжар Әлімбек 20, Әділет Нұрлыбай 32 келі,Асқар Нұрасыл 50  келіде ие болса, ІІІ орынды Әлимжан Әлімбек, Бауыржан Нышанқожа, Әмір Орынғалиев, Қайратдинұлы Дінислам, Жұмабек Темірлан 38 келіде бөлісті.

Аса тартыспен өткен жарыс барысында алаң иелері өздерінің мықтылығын танытты.

Командалық бас жүлде ұйымдастырушылардың қанжығасына байланды.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button