Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Террористік қауіптіліктің аса жоғарғы «қызыл» деңгейі тоқтатылады

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы облыстағы жағдайдың тұрақтанғаны туралы хабарлайды.
Қабылданған шешімге сәйкес облыстың барлық аумағында 26 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап терроризмге қарсы операция режимінің қолданылуы тоқтатылады және террористік қауіптіліктің аса жоғарғы «қызыл» деңгейі тоқтатылады.
Осы уақыттан бастап Талдықорған, Текелі қалаларында, сондай-ақ Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Ақсу, Көксу, Ескелді және Қаратал аудандарында террористік қауіптіліктің жоғарғы «қызғылт сары» деңгейі енгізіледі.
Арнайы және құқық қорғау органдарымен облыс аумағында жаппай тәртіпсіздіктердің қатысушылары мен ұйымдастырушыларын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу жалғасуда.
Террористік қауіптіліктің қазіргі деңгейі жағдайында, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды табу мақсатында, құқық қорғау органдарына көлік құралдарын тексеруге рұқсат етіледі.
Шыдамдылық танытып, құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Басқа жаңалықтар

Back to top button