Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыАуыл шаруашылығыЧапаев ауылдық округі

АУЫЛЫМЫЗ ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Апта ортасында Чапаев ауылдық округінің әкімі Қалиев Асхат Нүсіпбайұлы  2021 жылда атқарылған жұмыстарының есебен беріп, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Есептік кездесу барлық санитарлық талаптардың сақталуымен өтті. Ауыл тұрғындарынан белсенді азаматтар ғана қатысты. Әкімнің сөзіне сенсек, ауылда тұрғындарды алаңдататындай күрделі мәселелер жоқ. Чапаев ауылдық округінде соңғы санақ бойынша 12100 адам, 1566 аула бар. Сонымен қатар 4 саяжайда 2410 адам тұрады. Округтегі 32 көпқабатты үйдің он бесі  мүлік иелерінің бірлестіктері немесе көпқабатты үй-жай серіктестігіне өткен.

Жалпы 117 кәсіпкерлік объекті қызмет көрсетеді.  Атап айтқанда, 74 дүкен,  2 жанармай бекеті, 9 тамақтану пункттері, 10 шаштараз, 1 теле-радио жөндеу шеберханасы, 5 дәріхана, 2 вулканизация, 3 ТЖО, 3 жеке стоматология, 1 нотариус, 2 тренажер залы, 5 автомобиль жуу пункттері бар. 2021 жылы 70 жаңа жұмыс орны құрылған.

Чапаев ауылдық округінде ауылшаруа-шылық саласын дамыту округтің негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Қазіргі уақытта ауданда 23 шаруа қожалығы бар. Шаруашылықтардың негізгі қызметі –  мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Ірі қара мал басы –  770 бас, оның ішінде сиырлар – 370 бас, ұсақ мал – 1210 бас,  жылқылар – 26, шошқалар –  23, құстар – 16 млн 951 мың. Округте эпизотиялық жағдай тұрақты.

Округте құс етін өндіретін 3 кәсіпорын, сүт өнімдерін өңдейтін 1 кәсіпорын орналасқан. 2021 жылы дәнді дақылдарды өсіру саласында 574 гектар астық, 1694 гектар майлы дақылдар, 22 гектар картоп, 81 гектар көкөніс егілген. Аймақта 2 орта мектеп, 1 мемлекеттік  және 6 жекеменшік балабақшалар  жұмыс істейді.    Барлық білім мекемелері талаптарға сәйкес жұмыстар атқаруда, материалдық-техникалық жағдай жасалған, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Округ бойынша мектеп жасындағы балалар жалпы біліммен қамтамасыз етілген.   

Денсаулық сақтау бойынша ауыл тұрғындарына  дәрігерлік амбулаторияда күндізгі стационар мен қатар «Ново Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  қызмет көрсетеді. Мекемелерде  кардиолог, акушер гинеколог, хирург, эндокринолог, стоматолог, ересектер мен балалар невропатологы, уролог, массаж бөлмесі жұмыс істейді. Тағы  ауыз толтырып айтатын жағдай – округте ауылдық медициналық амбулатория құрылысына 1 гектар жер бөлініп, жер учаскесіне мемлекеттік актіні дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Чапаев ауылдық округіндегі эпидемия-логиялық ахуалға  келсек, қауіпсіз аймаққа жатады. «Nova Inveast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Отбасылық ден-саулық орталығында» вакцина пунктері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.  Бүгінгі таңды  4448 адам вакцина алды. Сонымен қатар «Pfaizer» компаниясының өнімімен 433 адам егілді. Оның ішінде жүкті әйел, бала емізетін ана және жасөспірімдерді қосқанда барлығы 713 адам ревакцинациядан өткен.

«Аймақтардың дамуы» бағдарламасы бойынша жолдардың қауіпті жерлеріне 9 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер  жолағы орнатылды. Гагарин көшесінде спорт алаңы салынып, орындықтар мен қоқыс контейнерлері орнатылды, 300 м. тротуар жолдары жасалып, 130 тал ағаш көшеттері отырғызылған. Биыл  да бірнеше көшелерге жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жарықтандыру бойынша округке қарасты Жібек жолы көшесі, Гагарин көшесі №52 электр трансформаторы 250 квт ТП орнына  400 квт ТП қойылып, 2,8 шақырым оқшауланған электр сымдары ауыстырылған.  Абай, Атамекен, Гагарин көшелерінде, 1, 2, 3 ықшам аудандарында заманауи диодты жарық шамдарына ауыстыру жұмыстары жүргізілген. 3 ықшам ауданына қарасты №5, №10 үйлердің аумағына жарық шамдары орнатылыпты. Биыл тағы да көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Ауылда кезек күттірмейтін екі мәселе: электр желілерін жекеменшік иелерінен АЖК балансына беру және жаңа құрылыс аумақтары  үшін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету сияқты тұрғындар үшін маңызды мәселелер бар. Ауыл әкімі Асхат Нүсіпбайұлы осы түйіннің шешімін табуға уәде берді.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button